• Атом энергетикасы, электронды және металлургиялық өнеркәсіп және басқа да қызмет облыстарының қажеттіліктеріне арналған уран, бериллий, тантал мен ниобий өнімдерін өндіруші. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. Болашаққа бізден бірге!
  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Уран өндірісі – бұл атом электрстанцияларына арналған уран отынын өндіретін әлемдегі бірегей және ірі кешендердің бірі, ядролық саладағы жұмыс тәжірибесі де мол болып табылады. Болашаққа бізден бірге!
  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ бериллий өндірісі әлемдегі кен концентратын қайта өңдеуден сапалық параметрге бағыттап, дайын өнім түріне дейін шығаратын толық өндірістік циклі бар үш кәсіпорынның бірі. Болашаққа бізден бірге!
  • "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ тантал өндірісі ТМД аумағында жеке және әлемде тантал қосылған шикізатты қайта өңдеуден дайын өнім алуға дейін толық өндірістік циклі бар аса ірі кәсіпорындардың қатарына жатады. Болашаққа бізден бірге!

«ҮМЗ» АҚ  басшылығының менеджмент саласындағы (сапа, экология, денсаулықты қорғау және Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету) Саясаты

Басқарма отырысында
2019 жылғы «12» сәуірде қабылданды
№ 21/1156 хаттама

«ҮМЗ» АҚ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ САЯСАТЫ
(Басқарманың 26.12.2017 ж. отырысында қабылданғанның орнына, № 59/1065 хаттама)

«Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамы өзінің қызметін тұтынушылардың, персоналының, мемлекет пен акционерлерінің ұзақ мерзімді мүдделеріне бағдарлай отырып, атом энергетикасының, электрондық, металлургиялық өнеркәсіптің және басқа қызмет салаларының қажеттіліктеріне арналған жоғары технологиялық уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін шығарады.  
Бүгінгі күнгі ұстанымды зауыттықтардың бірнеше ұрпағының аянбай және өнімді еңбек етуінің нәтижесі ретінде тани отырып, біз өрісімізді әрі қарай дамыта беруге талпынамыз және де тұрақты даму мен корпоративтік мәдениеттің қағидаттарын басшылыққа ала отырып, төмендегідей ниет білдіреміз:  

1. ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ҚАТЫСТЫ

    • Әрбір тұтынушының ағымдағы қажеттіліктерін түсіну және келешектегі қажеттіліктеріне бағдарлану;
    • Тұтынушылардың елдерінде белгіленген қолданыстағы заңнамалық және нормативтік талаптарға сәйкес өндірістік қызметті іске асыру;
    • Біздің тұтынушылармыздың қанағаттандырылуын арттыру;
    • Жалпы алғанда менеджмент үдерістері мен жүйесін ұдайы жақсарту.

Біздің тұтынушыларымыз – бұл қазіргі ахуалымыздың іргетасы және «ҮМЗ» АҚ-ның келешекте дамуына үмітіміз. Халықаралық нарықта абыройымызды (беделімізді) сақтау әрбір жұмыскерден оның ортақ мақсаттарға қол жеткізуге қосқан үлесінің мыңыздылығын түсінуді талап етеді. Басшылық жеткізуші-тұтынушы қағидатын өндірістік үдерістердің бүкіл тізбегі бойында жүзеге асыруға шақырады, ол дегеніміз – сапасыз өнімді қабылдамау, өндірмеу және бермеу.    

2. ПЕРСОНАЛҒА ҚАТЫСТЫ 

2.1   Жұмыскерлермен және олардың өкілдерімен ашық және адал диалог жүргізу;
2.2   Әрбір жұмыскердің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
2.3   Өмір және денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2.4   Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының, қоршаған ортаның ахуалын өндірістік қызметтің нәтижелерінен басымды болуын түсіне отырып, еңбек жағдайларын жақсарту;
2.5   Әрбір жұмыскердің еңбек қауіпсіздігін, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысуына көмек көрсету;
2.6   Біліктілікті арттыруды қамтамасыз ету;
2.7   Әрбір жұмыскердің жақсартуларға бағытталған шығармашылығына және бастамаларына көмек көрсету;    
2.8   Еңбек өнімділігінің өсуіне қарай жұмыскерлердің әл-ауқатын арттыруға қолдау көрсету.  

Біз өз персоналымызды Қоғамның басты құндылығы деп танимыз. Барлық деңгейдегі басшылардың жетекші болуы – өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асырудың қажетті құрамдас бөлігі. Жоғары деңгейдегі әлеуметтік жауапкершілік персоналдың тарапынан өзара қолдау болатынына Басшылықтың сенімін туғызады. Жұмыскерлердің еңбек тәртібін және Қазақстан Республикасының заңнамасын кез келген бұзушылығын Басшылық жұмыскердің өзін, әріптестерін және жалпы алғанда қоғамды құртметтемеуі деп түсінеді. Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық жасау, сыбайлас жемқорлық мінез-құлықтың қабылдауға келмейтін нормалары деп саналады.

3. МЕМЛЕКЕТ ПЕН АКЦИОНЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ 

3.1   Пайда алу үшін басқару әдістерін ұдайы жақсарту;
3.2   «ҮМЗ» АҚ нарықтық құнын арттыруға талпыну;
3.3   Шаруашылық қызметті заңнамаға сәйкес іске асыру;
3.4   Әлеуметтік бағдарламаларға қатысу;
3.5   Өндірістік қызметтің қоршаған ортаға, персоналдың және өңір тұрғындарының денсаулығына әсерін төмендету;
3.6   Құпиялы ақпаратты қорғау жөніндегі нормаларды ескеріп, мына мәселелердегі ұдайы барынша ашықтық қағидатын ұстану:

  • өндірістік қуаттылықтарды дамыту;
  • өндірістік қызметтің қоршаған ортаға, персоналдың және өңір тұрғындарының денсаулығына әсері.

Мемлекет, бір жағынан бизнестің дамуы үшін жағдайлар жасаса, екінші жағынан одан жалпы алғанда қоғамның алдындағы міндеттмелерін орындайды деп күтеді және талап етеді. Мемлекеттің бизнеске ықпал етуі конституциялық құрылыммен, мемлекеттің экономика және әлеуметтік саладағы уәкілеттіктері және функцияларымен алдын ала айқындалып қойған. Мемлекетпен өзара тиімді қарым-қатынас жасау табысты екі жақты даму үшін негіз болып табылады. Заң шығарушылық қызметке, Қазақстан Республикасының стандарттарын әзірлеуге белсенді қатысу, Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге мүше болу «ҮМЗ» АҚ-ның да, жалпы алғанда мемлекеттің де тұрақты дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.   

Біз, «ҮМЗ» АҚ Басшылығы, құндылықтарды және аталған қағидаттарды ұстанатынымызды жеке бас үлгімізбен көрсетеміз және бүкіл персоналды бізге қосылуға шақырамыз. 

Басқарма Төрағасы Р.К. Медео

 

Бет өзгертілді: 22-04-2019