Біз туралы жазады

Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты кәсіби мерекесін атап өтті

Жүргізуші: Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты кәсіби мерекесін атап өтті. Биылғы  шараның ерекшелігі мол. Салтанатты жиын мен өнер байқауына зауыт қызметкерлері белсене атсалысты.Әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады. Жалпы Үлбі зауыты өнім өндіру бойынша 50 жылдық іс-тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі ірі кәсіпорын болып табылады. Бүгінде зауыт «Казатомпром» ұлттық компаниясының құрамына кіреді.


Тілші: Үлбі металлургия зауыты серпінді жобаларды жүзеге асыруға, жоғары технологиялық өндіріс пен өнім өткізу  нарығын кеңейтуге бейімделген Қазақстандағы бірегей кәсіпорын. Тантал, бериллий және уран сияқты металдардан өнім шығару жаңа технологиялар мен жоғары білікті мамандарды талап етеді, солардың арқасында кәсіпорын дүние жүзіне танымал.

 

Зауыттың бірегей жетістіктері қатарында табиғи уранның химиялық концентраттарын қайта өңдеудегі технологиялық тізбекті жетілдіру ісі де бар. Мұнан бөлек, үлбіден шығатын бериллий өнімдеріне сұраныстың артуын, АҚШ пен Чехияға сыйымдылығы жоғары тантал конденсаторлық ұнтақтарын коммерциялық жеткізіп берулерді айрықша атап айтуға болады. Менеджменттің интеграцияланған жүйесіне жүргізілген аудит те сәтті аяқталып, оның халықаралық стандарттарға сәйкестігі дәлелденді.
Қазақстанда Металлургтер күні шілденің үшінші жексенбісіне белгіленген. Биыл зауыт ұжымын белгілі өнерпаздар мен шығармашылық  ұжымдар құттықтады. Металлургтер күні зауыт таланттарының фестивалі ұйымдастырылды. Онда зауыттықтардың әріптестері мен достары өздерінің әртістік өнерлерін паш етіп, вокалдық, хореографиялық және басқа да.


Екатерина КОЛЕСНИКОВА, СЫНАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЛАБОРАНТЫ

  • Бұндай мерекелік шара зауыт қызметкерлері арасында бірінші мәрте өткізіліп отыр. Өте қызық өтті. Әріптестеріміз өте талантты екен.

Тілші: Сондай-ақ, концерттік бағдарламадан соң дәстүрлі ұтыс ойыны болды. Жеңімпаздарға тұрмыс техникасы мен супержүлде -  алыс шетелге екі адамға туристік жолдама тарту етілді.


Александр КОЗИОНОВ, УРАН ӨНДІРІСІНІҢ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ИНЖЕНЕРІ

  • Мен бірінші рет осындай үлкен сыйлық жеңіп алып тұрмын. Бұдан бұрын өмірімде бұндай болып көрген емес. Біздің әкімшілікке мың алғыс. Осындай мерекелік ойындар көптеп бола берсе деймін.

Тілші: Металлургтер күні құрметіне кәсіпорынның үздік қызметкерлері  марапатталды. Жиырма зауыт қызметкерінің порттерттері Құрмет галереясына ілінді. Ондаған адамға Құрмет грамотасы тапсырылды. Сексеннен астам адам алғыс алды. Айта кетерлігі үстіміздегі жылғы қараша айында Үлбі металлургия зауыты өзінің 65 жылдық мерейтойын мерекелейтін болады.


Жалпы Бүгінде тау-кен металлургиялық кешені елдегі өнеркәсіптік өндірістің 17 пайызын құрап отыр. Салада 300 мыңға жуық адам еңбек етуде, оның ішінде металлургиялық өнеркәсіпте  86 111 адам қамтылған. Өндіріс көлемі 2010 жылғы бір жарым миллиард теңгеден 2013 жылы екі миллиардқа жуық теңгеге жетті. 

Жұрағат БАМАН, «АСТАНА» ТЕЛЕАРНАСЫ, 23.07.2014