ФКТІЛЕР МЕН ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

 

          2016 жылдың еңбек және қоршаған ортаны қорғау, өрт, өнеркәсіп, радиациялық, ядролық қауіпсіздігі бойынша жұмысының нәтижесіне  арналған кеңес барысында өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директор Сергей Сидоровтың баяндамасында тек ғана фактілер орын алды.  

         

Кәсіпорынның өткен жылғы жұмыс нәтижесін қорытындылай келе, өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директор Сергей Сидоров өз сөзін әдеттегідей еңбекті қорғау мәселесінен бастады. «2016 жылға арналған еңбек жағдайлары мен оны қорғауды жақсарту және санитарлық-сауықтыру шаралар бойынша кешенді жоспарына сәйкес» зауыттың бөлімшелерінде 160 миллион тенгеден астам қаржы жұмсалған 123 шара ұйымдастырылды. Бұл деген 2015 жылы ұйымдастырылған шараларға (125) жұмсалған қаражаттан 3  есе артық екені анық.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде 946 жұмыскердің еңбек жағдайы жақсартылып, 180 жұмыскердің жарақаттану қауіп-қатері және 297 жұмыскердің әр-түрлі ауруларға шалдығу ықтималдығы ықшамдалды. Өткен жылы жол апаттары мен жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ.

Өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша бақылау жасаудың үшінші сатысын жүзеге асыратын  жұмыскерлер 9 кешенді тексеруді жүргізді. Анықталған кемшіліктер саны бұрыңғы деңгейде қалуда. 2014-2016 жж. талдау есебі олардың жүйелі қайталануын байқатты: Тантал өндірісінде - жүк көтергіш механизмдерін, көлбеу қайшысын, металл өндеу білдектерін пайдалануы кезінде; Бериллий өндірісінде - өткелдерді үйіп тастау және технологиялық жабдықтарды пайдалану кезіндегі бұзушылықтар, (көбінесе сым шиыршығын қолдану жолымен келтеқосқышта және құбыр желісінде түтіктерді бекіту). Өндірістік қауіпсіздік саласының жұмысына келетін болсақ, тексеру нәтижесінде жабдықтар, құрылғылар мен аспаптардың өндірістік қауіпсіздік талаптарына сай келмеуімен байланысты бірқатар бұзушылықтар орын алды. Ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің жай-күй жөніндегі сөзінде Сергей Сидоров 2016 жылы бөлімшелер ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің жай-күйінің жақсаруына және 2015 жылы анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталғын  бір қатар жұмыстар жүргізгенін айтып ескертті.

Өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директор баяндамасындағы фактілер бойынша негізгі өндірістің жетекшілері өз баяндамаларында сөз қозғады. Сонымен қатар, кеңес барысында 2016 жылы еңбек және қоршаған ортаны қорғау, өрт, өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша байқауында 1-ші орынға ие болған бөлімшелерді құттықтау рәсімі өтті.

 

                                                                     «ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі