АУДИТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

 

- Қорытындылар шығарылды. Атқарылған жұмыстар үшін әріптестеріме алғыс білдіремін деп, - сапа жөніндегі директор Александр Шумкин ҮМЗ өткен аудит бойынша қорытынды жиналысын аяқтады.

Ол сәуір айының 3 мен 6 аралығында өткен ықпалдастырылған менеджмент жүйесінің (сапа, экология, деңсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету) ИСО 9001:2008, ИСО 14001:2004, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттар сәйкестігінің екінші бақылау аудиті. Жиналыс барысында өткен аудит қорытындысы бойынша анықталған сындарлы бір сәйкеспеушілікпен (тексеру барысында түзетілген), қосымша анықталған төрт сәйкеспеушілікке аса көңіл бөлінген және соған байланысты тиісті іс – шаралар жоспары құрылатыны да белгілі болды. Құрамына Владимир Качалов, Дархан Ахметов, Владимир Матвиенко мен Елена Шевченко кірген «Интерсертифика-ТЮФ» ООО аудиторлар командасы шешім шығарды: осыдан екі жыл бұрын кәсіпорын ұжымына беру кезінде белгіленген сертификаттың күші расталып, әрекет ету мерзімі аяқталғанша дейін ұзартылған. Жиналыс барысында сөз сөйлеген Владимир Качалов, кәсіпорында менеджмент жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі үшін қажетті жұмыстардың орындалуынан өзге, жүйені жақсартуға бағытталған жаңа шешімдер пайда болып жатқанын айта кетті. 

- Алайда, мақал – мәтелде айтылатындай, «Тең құрбыңнан кем болсаң, көрінгенге жем боларсың!». Сол себепті біздің келуіміз қажетті. Олар қолданыстағы стандарт талаптарына сай болып, сіздердің әрі қарай дамуыңызға септігін тигізеді, - деді Владимир Качалов.

Жиналыс соңында аудиторлар ҮМЗ бөлімшелеріне кәсіптік те, айқын жұмыстары үшін және қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.

 

 

«ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі, 24.04.2017ж.