ҚҰМСАЛҒЫШТАР СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

 «БАЛАҒА ШАТТЫҚ СЫЙЛА!» акция шеңберінде Өскемен қаласының арнайы мамандырылған балалар үйі үшін Үлбі металлургиялық зауыты қызметкерлерімен 350 мың теңгеге жуық ақшалай қаражат жиналды.

«Балаға шаттық сыйла» акциясы – бұл жетім балалалар үшін ақшалай қаражатты жинау бойынша ҮМЗ Жастар бірлесітігімен (ЖБ) жыл сайын өткізілетін акция. Биылғы жылғы қатысушылар Уран және Бериллий өндірісінің, энергетика орталығының, Үлбі жобалау-конструкторлық институттың, автокөлік шаруашылығының, персонал және әлеуметтік қатынастар жөніндегі директор қызметінің, бас физик қызметінің, ядролық материалдарды есепке алу және бақылау бөлмінің қызметкерлері болды. Бериллий өндірісінің № 1 цехтың қызметкерлерін ерекше атап кету керек, олар 100 мың теңгеден астам соманы жинады. Жиналған қаражаттың бір бөлігі екі құмсалғышты сатып алу үшін жұмсалған. Қалған ақшалай қаражат туындаған қажеттілік шамасына қарай балаларға жұмсалатын болады.

- Біз зауыттықтардан түскен ақшалай қаражатты толықтай жұмсауды мақсат етпейміз, - деп түсіндіреді ЖБ кеңесінің мүшесі Ирина Сушкова.

- Біздің қалауымыз жиналған ақшаны балалардың қажеттілігіне жұмсау.  Мысалы бүгінгі таңда құмсалғыштар қажет болғандықтан, біз оларға тапсырыс берген едік. Қажет болған жағдайда мекеме директоры керек заттардың тізімін хабардар еткеннен кейін біз оларды сатып аламыз.

Дәстүр бойынша 1 маусым күні Өскемен қаласының арнайы мамандырылған балалар үйі зауыттық жастарды тәрбиеленушілермен дайындалған мерекелік концертке шақырды. Сол күні мекеме директоры Гүлнар Даниярова зауыттық жастар тарапынан тәрбиленушілерге беріліп жатқан көмектері үшін алғыс білдіріп, ЖБ өкілдеріне Алғыс хатты табыстады.

«Балалардың өмір сүру жағдайын уақтылы жақсарту үшін Сіздердің ыстық ықыластарыңыз біздің балаларға өте қажетті, сіздермен көрсетілген көмек оларға жайлылық пен қуаныш сыйлады» - деп айтылған хатта.

 «ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі, 12.06.2017