ЛАУРЕАТТАР АНЫҚТАЛДЫ

12 қаңтар күні Үлбі металлургиялық зауытының көрме – ақпараттық орталығында салтанатты да, толқытатын атмосфера орын алды. Бұл күні осы жерде В.П. Потанин атындағы сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өткізілді.

Оқиғаның ерекшілігі мен өзекшілігі барлық жерден байқалып тұрды. Ол мазасынданған лауреаттар, маңызды іс – шаралардың даярлық жұмыстары, гүлдер, жобаның талқылануы.......

2017 жылғы сыйлыққа үш жұмыс ұсынылды. «Машзавод» ЖШС ұжымы «Химиялық және металлургиялық өндіріс үшін полмерлік металдардан жасалған жабдықтардрың технологиялық өндірісін дайындау және енгізу» жұмысымен жеңімпаз болып танылды («Жаңа техника мен технология» атауы бойынша). «ҮМЗ» АҚ Басқармасының шешімімен В.П. Потанин сыйлығы «Машзавод» ЖШС директоры Виктор Шоттқа, директордың орынбасары – бас инженер Жұмағали Құнұшпаевқа, өндіріс жөніндегі бас инженердің орынбасары Игорь Апенькинге, бас технологтың міндетін атқарып жүрген Александр Пименовқа, конструкторлық бюросының бастығы Игорь Скрипниковқа берілді.

Комиссия төрағасы, Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – бас инженер Анатолий Кучковский, жаңадан болған лауреаттарды құттықтап, жобаның өзіндік ерекшілігіне назар аудары: бұрыннан келе жатқан металдық балқытпаларды емес,  өндірісте заманауи полимерлік жабдықтарды қолданып пайдалану. 

«ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Шахворостов жеңімпаздарға, лауреаттардың жоғары атағын дәлелдейтін медаль мен куәліктерді табыстады.

- Дәл осы жобаның сыйлыққа лайық болуына мен қуаныштымен. Бұл стандартты емес жабдықтарды дайындау кезінде ауқымды мүмкіндіктерді беретін болашағы зор жоба, - деді Юрий Викторович. Ол Машзавод мамандарының жұмысына ерекше көңіл бөліп, оларға жаңа жеңістерді тіледі.

Виктор Шотт лауреаттардың атынан жұмысты жоғары бағалағаны үшін конкрустық комиссияға алғыс білдірді.

- Менім білуімше, бұл біздің ортақ жеңісіміз – бұл барлық ұжымның елеулі еңбегі. Ол конструкторлар, экономистер, дәнекерлеушілер, есепшілер мен көптеген мамандар деп – сөзін жалғастырды Виктор Александрович.

Өткен жылдың жеңімпаздары В.П. Потанин сыйлығының жаңа лауреаттарын қошаметтеді.

Уран өндірісінің «В» цехының бастығы Андрей Гофман өз сөзінде, Уран өндірісі үшін күрделі тапсырыстарды орындау кезіндегі Машзаводтың жұмысына жоғары баға берді.

- Менім сөз сөйлемеім дұрыс болмас деді, - көрме – ақпарат орталығының директоры Альберт Гофман, - себебі мен «машинақұрастыру» мамандығын игеріп жүрген адамдарға көпжылдың еңбектері үшін алғыс білдіргім келеді және тағы бір мәрте жоғары марапаттарымен құтықтағым келеді!

Салтанатты іс – шара естелік фотосүретке түсумен аяқталды.

 

Біздің анықтама

Владимир Петрович Потанин (1926-1981) 1961 жылдан бастап 1974 жылға дейін ҮМЗ директоры болған. Оның басшылығымен ҮМЗ көп салалы кәсіпорын – тантал, бериллий және жоғарғы өткізгіш материалдарын шығару бойынша монполист ретінде танылды. 2000 жылы Үлбі металлургиялық зауытында В.П. Потанин атындағы сыйлықты табыстау туралы шешім қабылданған, ал 2001 жылы оның алғашқы лауреаттары пайда болды. Сыйлық екі номинация бойынша екі жылда бір рет беріледі:

• «Жаңа техника және технология» – ең үздік және ең жоғарғы әлемдік балама деңгейінде жаңа техникалар мен технологияларды құру жетістігі үшін;

·   Экономика, еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару» - кәсіпорынның экономикалық дамуына едәуір септілігін тигізетін өндірістің басқарылуын ұйымдастыру  мен экономика саласындағы іргелі және қолданбалы жұмыстарды енгізу бойынша жеткен жетістігі үшін.

Осы уақыт ішінде ҮМЗ мен оның еншілес мекемесінің 55 қызметкері В.П. Потанин сыйлығының лауреаты болды. 

ҮМЗ Баспасөз қызметі