Жарайсың, Денис!

 «ҮМЗ» АҚ Бериллий өндірісінің электромонтері Денис Свадьбин «Ең үздік электромонтер» атты облыстық кәсіби шеберлік байқауында бірінші орынға ие болды.

Байқау өткен жылдың соңында Энергетик күніне орай Өскемен қаласының политехникалық колледж базасында өткізілді. 11 қатысушы - ең үздік электроментер атағына сайысқа түсті. Олар Шығыс – Қазақстан облысының энергетика саласындағы кәсіпорынның мамандары, өндірістік оқыту шеберлері мен электроэнергетикалық профилінің мамандары.

Бериллий өндірісінің электромонтері Денис Свадьбин Үлбі металлургиялық зауытының атынан сайысқа қатысқан. Естеріңізге сала кетейік, - Денис өткен жылдың күзінде өткен «ҮМЗ» АҚ Ең үздік электромонтері» зауыттық сайысының жеңімпазы ретінде танылған.  Тапсырыс екі бөлімнен тұрған, екеуі де тәжірбиелік. Сайыстың бірінші кезеңінде сайыс қатысушыларына электромонтаждық схема – электр қозғалтқыштың қосбағытты іске қосқышты жинау қажет болды.

- Қойылған тапсырмалар қызық болғанмен, өте күрделі болды. Жюри монтаждау жұмыстарының орындалуына және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуына аса мұқият зер салды – дейді Денис Свадьбин.

Екінші кезеңде қатысушылар алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетті. Бұл кезеңде жүрекке массаж жасап, жасанды тыныс алдыру қажет болды, адамның рөлінде, заманау тренажер – кеуде клеткасына басу мөлшері мен тыныс алу мөлшерін санай алатын датчик орнатылған манекен болды.

- Мен, маникенге «өмір сыйлау» қажет екендігін білгем де жоқ деп, - күледі Денис Васильевич. – Аз уақыт ішінде «Гошаны» жандандырдым.  

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Денис Свадьбин ең көп ұпай санын жинап, облыс бойынша ең үздік электромонтер атағына ие болды. Оған грамота мен естелік сыйлығын табыстады. Сонымен қатар, Денис Свадьбинге Бериллий өндірісі атынан ақшалай сыйақы төленді. Екінші орныға Риддер қаласының көп салалы колледжінің өндірістік оқыту шебері ие болса, үшінші орын электротехникалық колледжінің өндірістік оқыту шеберіне тиесілі болды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

  

ҮМЗ Баспасөз қызметі