ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫП

 Қаңтар айының соңында Д. Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Ядролық технологиялар: әлемдік энергиялық теңгермедегі атом энергиясының рөлі, энергетикалық емес ядролық технологияларды қолдану» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

Атом саласындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы серіктестік шеңберінде ШҚМТУ мен «Росатом» госкорпорациясымен ұйымдастырылып, профильдік оқыту студентерінің арасында ядролық технологияларды насихаттау мақсатында өткізілді.

Семинар МИФИ университетінің ядролық ұлттық зерттеу бөлімінің халықаралық білім беру бөлімінің қызметкері, ядролық физика және технологиялар доценті Ольга Момоттың баяндамасынан басталды. Ол бүгінгі күні, әлемдегі электр қуатының үштен екі бөлігі көмірқышқыд газ эмиссиясымен жүретін және көмірсуларды жағу есебінен жүзеге асырылады. Сол себебті «жасыл» энергия – күн, жел, су және атом энергиясы атмосфера үшін ең қауіпсіз болып табылады. Ольга Александровна «Росатом» Госкорпорациясының алдыңғы қатарлы технологиялар туралы, олардың көмірқышқылсыз ғаламдық теңгерілімді ресімдеудегі және атом саласындағы қауіпсіздігі рөлі туралы хабардар етті.

Өз баяндамасында ол атом энергиясының энергеткалық емес технологияларды қолданатына аса ерекше көңіл бөліді. Олар: медицина, ауыл шаруашылығында, азық-түлік өнеркәсібінде және т.б.

Өскемен қаласының халықаралық техникалық жоғарғы мектебінің деканы Тамара Сегеда Қазақстан Республикасының атом саласындағы кәспорындар жас мамандарды дайындау үшін Ресеймен ғылыми – техникалық байланысты дамытып, нығайтуда екендігін айтып кетті. Сол себебті 2017 жылдың көктем айында Қазақстанда осындай алғашқы мектеп құрылған, ал күзде «Уран өнімдерін алу жүйесіндегі инновациялық технологиялар» мен «Ядролық энергетика материалдары» мамандығы бойынша студенттерді қабылдау жүргізілді.  Студенттерге сабақты ШҚМТУ ұстаздарымен бірге, Ресей жоғары оқу орындарының техникалық мамандары жүргізеді. Магистратура бағдарламасы Н.Э. Бауман атындағы МГТУ, НИЯУ МИФИ және тағы басқа шарт негізінде жүзеге асырылады. 

Мамандарды дайындау саласындағы университтетің және «ҮМЗ» АҚ арасындағы серіктестігі туралы, қызметкерлермен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлерді дамыту жөніндегі менеджер Валерия Гамулина айтып берді:

– Технологиялардың қарқынды дамуы жоғары білікті мамандардың тапшылығына әкеледі. Бұл ҚР атом өнеркәсібі де қозғаған ғаламдық мәселе. Ол «ҮМЗ» АҚ да өзекті. Бұл мәселесенің шешімін тек оқу орындары мен өнеркәсіп кәсіпорындарының өзара тығыз байланыс пен серіктестік жасау арқылы көре аламыз. Сол себебті 2017 жылдың наурыз айында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ» арасындағы ғылыми – техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісімнің мәні кадрларды даярлау, сонымен қатар атом саласында және баламалы энергетикада іргелі және қолданбалы зерттеулер, сирек және сирекжерлік металдарды алу және қайта өңдеу аясындағы ынтымақтастық болып табылады.

Сонымен қатар «ҮМЗ» АҚ мен Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ арасындағы серіктестік қарым – қатынастар бұрыннан келе жатқанын ескеру керек. 

- Бүгінгі күні «ҮМЗ» АҚ тапсырысы бойынша мәскеудің жоғары техникалық мектебінде тоғыз магистрант оқып жүр, олар зауыт қызметкерлері мен жоғары оқу орындарының түлектері.

- Оқу кезінде олардың барлығына зауыт магистрлік жұмыстарды жазу мен қорғау үшін және өндірістің барлық өндірістік үрдісіне қатысу мүмкіндігін ұсынған. 

 «ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі