ЗАУЫТТА БОЛЫП ҚАЙТТЫ

Қазақстан Республикасының инвестиция және даму жөніндегі министрі Жеңіс Қасымбек Үлбі металлургиялық зауытында болып қайтты. Онымен бірге ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен басқа да ресми тұлғалар ілесіп жүрді.

Кәсіпорынға келу барысында қонақтар МАГАТЭ Төмен байытылған уран банкінің ғимараты мен зауыттың керме-ақпараттық орталығындағы экспозицияларды қарап шықты. «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Шахворостов делегация мүшелерін кәсіпорын қызметінің негізгі бағытымен, шығарылатын өнімнің түрлерімен және олардың қолдану саласымен танысты. Ол бүгінгі күні зауытта жүзеге асырылып жатқан маңызды стратегиялық жобаларға ерекше көңіл бөліп, жылу бөлгіш құрамаларды шығару өнідірісі туралы баяндап берді.

Жеңіс Қасымбектің ҮМЗ келуі ШҚО-на жұмыс сапары шеңберінде өтті. Ведомства басшысы ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың халық алдындағы есеп беру кездесуіне қатысты, сонымен қатар «Өскемен ЖЭО» ЖШС ұжымымен кездесіп, «Өскемен арматура зауыты» ЖШС мен «Силумин – Восток» ЖШС болып қайтты. 

«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі