Бірлесіп сақтайық

5 маусым күні бүкіл әлем Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтті. Осы атаулы күн қарсаңында зауытта бұйрық шығарылды.

«Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні – «ҮМЗ» АҚ қоршаған ортаны қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстарды саралау үшін жақсы мүмкіндік, - делінген бұйрықта. 

- атмосфералық ауаның, су бетіндегі, жер асты сулардың, топырақтың сапасын зерттеу жұмыстары «ҮМЗ» АҚ қызметі қоршаған ортаға зиянсыз және кері әсерін тигізбейтіндігін көрсетеді.

Қоршаған ортаға шығарылатын ластаушы заттардың эмиссиясына сәйкес, зауыттың барлық бөлімшелері қоршаған ортаға залалын тигізбей отырып, белгiлi бiр мерзiмге белгiленетiн эмиссиялардың нормативтiк көлемiн арттырмайды. Өндіріс және зауыт басқармасының қызметкерлері мен жетекшілердің бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде 2017 жылы өндіріс келесі көрсеткіштерге қол жеткізді: ауаға шығарылатын ластаушы заттардың деңгейін 49 пайызға; су бетіне шығарылатын ластаушы заттардың деңгейін 58 пайызға, орналыстырылатын қалдық мөлшерін – белігіленген лимиттен 56 пайызға тұрақтандырды.

Қоршаған ортаға (ҚО) шығарылатын эмиссия көлемін азайту, «ҮМЗ» АҚ әсер ету аймағындағы ҚО нысандардың жағдайын бақылауын және ҚО менеджмент жүйесінің нәтижелі жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарға белсенді қатысқандары үшін 21 қызметкерге алғыс жарияланды. 

Олардың ішінде: УӨ АСОС инженер – технологы Болат Нышанбаев, ТӨ ТКБК ЕҢжҚОҚ жөніндегі инженер Александр Новиков, БӨ аппаратшысы Марат Крыкпаев, СО ЕҢжҚОҚ жөніндегі инженер Жанна Аскетаева, СО ҚОҚТ газдан тазарту жөніндегі инженер Динар Камалиев, СО ҚСУ инженер – гидротехник Евгений Волков.

Ақпараттық анықтама