СөзСІЗ ҮЗДІКТЕР!

«ҮМЗ» АҚ Жастар бірлесігі (ЖБ) «Қайратты жастар-2018» атты облыстық байқауында  «Кәсіпорындағы үздік жастар ұйымы» аталымына ие болды.

Аталмыш байқаудың мақсаты - өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жұмысшы мамандықтарды көпшілікке тарту, жас мамандардың жеке дара шығармашылық қабілеттерінің жетілуіне ықпал ету және дамыту. Жалпы, байқауға қаланың ірі зауыт пен кәсіпорынның командалары қатысатын, алайда биылғы жылғы байқауға Павлодар облысынан келген жастар мен ШҚО банк қызметкерлері қатысты. Қатысушылар ән мен биден шашу шашып, спорттан да құр алақан еместігін көрсетті. Байқау бағдарламасы өте қызықты және көңілді болып, екі күнге созылды.

Зауыт құрамасына кіріп, әр номинация бойынша өнер көрсеткендер: Никита Попенко, Евгений Чвырин, Сергей Найденов, Александр Ревуцкий, Михаил Байтеряков (Тантал өндірісі); Зарина Куанышева, Ғалия Төлеуханова (Сынау орталығы); Александр Путинцев, Сергей Головин (Энергетика орталығы); Ксения Шонова (Уран өндірісі); Дина Абилова (ҮЖКИ) и Юрий Криков (ҮМЗ зауыт басқармасы).

Шығармашылық нөмір болмасын, тимбилдинг элементері бар спорттық ойын бағдарламасы немесе портфолио таныстыру кезені болмасын, омдықтар өздерінің актерлық шеберліктермен бірге, тәсілқойғыш және командада жұмыс жасай алатындығын көрсете алды.  Ал үлбілік жаңашырлар өздерінің көңіл - күйлерімен команданың рухын көтере отырып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай алды.

Екі күндік фестиваль гала – концетрпен аяқталды. Онда жеңімпаздар анықталып, естелік сыйлықтар мен ақшалай сыйақылармен марапатталды. Осы байқауға жастар бірлестігі төрт мәрте қатысып, екі жыл қатарынан қатарынан «Кәсіпорындағы үздік жастар ұйымы» аталымына ие. Ал 2017 жылы Бериллий өндірісінің маркетинг жөніндегі менеджер Екатерина Желудкевич «Мисс Қайратты жастар» аталымына ие болды.

 

«ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі