БАСПАСӨЗ-БАЯНЫ Е.П. Славскийді еске алу күніне орай жеңіл атлетикалық жүгіруден жыл сайынғы жарыс өтті

 Өскемен қаласы 10 қыркүйек 2018 ж.

 8 қыркүйекте КСРО Ортамаш министрі Е.П. Славскийді еске алу күніне орай жеңіл атлетикалық жүгіруден жыл сайынғы дәстүрлі жарыс өтті.

Шараға Өскемен қаласы өнеркәсібінің қызметкерлері, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері, орта және жоғары оқу орындарының оқушылары қатысты. Е.П. Славскийді еске алу күніне орай жеңіл атлетикалық жүгіруден жарыс 2002 жылдан бастап өтуде.

Оның мақсаты – бұрынғы Ортамаш министрі және оның қызметі мен Шығыс Қазақстанға сіңірген еңбегі туралы естеліктерді сақтап, «ҮМЗ» АҚ қызметкерлері мен қала тұрғындарының арасында дене шынықтыру мен сауықтыру жұмыстарын насихаттау. Бұл спорттық шараны ұйымдастыру және өткізу бастамасы Үлбі металлургиялық зауытына тиесілі. Биылғы жылғы жарыс Қала күнімен қатар келді. Бұл оқиғаның мәні өте зор, себебі облыс орталығының көз тартарлық қазіргі көркі Ефим Славскийдің қатысуынсыз қол жетуге болмас еді.

– Ефим Павловичтің тікелей қатысуы және басшылығымен Өскемен қаласында тұрғын үй ормадары, мектептер, бала-бақшалар, Ертіс жағалауы, Орталық мәдениет үйі, Спорт сарайы мен тағы көптеген құрылыстар салынған, – деді қатысушылардың алдында сөз сөйлеген ҮМЗ кәсіподақ төрағасы Алексей Феоктистов. Жүгіру бір мың шақырым қашықтықта болды.

16-17 жастағы жасөспірімдер арасынан бірінші орынға Яков Лаврентьев, екінші орынға Таир Коншпаев ие болса, үшінші орын Кирилл Бражниковқа тиесілі болды.

18-29 жас категориясы бойынша бірінші орын Талгат Закирьяновқа («ҮМЗ» АҚ Тантал өндірісі), екінші орын Амір Мамырбековқа, үшінші орын Александр Путинцевқа («ҮМЗ» АҚ Энергетика орталығы) тиесілі болды.

30-39 жас арасындағы қатысушалар арасынан бірінші орын Куаныш Рыспаевта, екінші орын – Адлет Кафинда, ал үшінші орын Евгения Курмангалиевада (барлығы «ҮМЗ» АҚ Тантал өндірісінен).

40-49 жас категориясы бойынша бірінші болып жеткен Юрий Егер ( «Казмырыш» ЖШС), екінші болып Николай Тарасов («ҮМЗ» АҚ ардагері), ал үшінші болып жеткен Андрей Зиновьев («ҮМЗ» АҚ Тантал өндірісі).

50-59 жас арасындағы ерлер арасынан бірінші орынға Олег Чеботарев («ҮМЗ» АҚ Уран өндірісі) ие болса, екінші орынға Владимир Смирнов («ҮМЗ» АҚ зауытбасқармасы), ал үшінші орынға Евгений Колупаев («ҮМЗ» АҚ Бериллий өндірісі) ие болды.

60 жастан асқан қатысушылар арасынан ақтық мәреге бірінші болып жеткен Калий Арынгазинов («ҮМЗ» АҚ Уран өндірісі), екінші болып Николай Григорьев, ал үшінші – Владимир Губушкин (екеуіде «ҮМЗ» АҚ ардагері).

16-17 жастағы қыздар арасынан бірінші орынға Елена Акентьева ие болды, екінші орын – Айэм Кайсанова, үшінші – Александра Егорина (барлығы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері).

18-29 жастағы әйелдер арасынан бірінші болып мәреге жеткен Светлана Малежина (ШҚМУ студенті), екінші – Меруерт Келемеденова (БжЖСМТ), үшінші болып – Маргарита Ермакова («ҮМЗ» АҚ сынау орталығы).

30-39 жас категориясы бойынша бірінші орынға ие болған Евгения Савченко («ҮМЗ» АҚ Бериллий өндірісі), екінші – Александра Клепикова, үшінші – Наталья Бочкарева (екеуіде «ҮМЗ» АҚ Тантал өндірісінен).

40 жастан асқан әйелдер арасынан бірінші болып мәреге жеткен Ирина Троеглазова («ҮМЗ» АҚ Ғылыми орталығы), екінші болып – Фарида Шаяхметова (Өскемен титан – магний комбинаты» АҚ), үшінші – Виктория Каганюк («ҮМЗ» АҚ Энергетика орталығы).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді грамоталармен және ақшалай сыйлықақылармен марапаттады.

 Анықтама

Славский Ефим Павлович (1898-1991) – мемлекеттік кеңес және партия қайраткері. КСРО-дағы орта машина жасау Министрі (1957-1986). КСРО-дағы жоғарғы кеңес депутаты (1958-1988). Үш дүркін социалистік еңбек қаһарманы (1949, 1954, 1962), КСРО-дағы Лениндік (1980) және үш Мемлекеттік (1949, 1951, 1984) сыйлық иегері. Лениннің он орденымен, Қазан революциясының орденымен, Еңбек қызыл ту орденымен, сонымен қатар, басқа да медальдармен марапатталған. Өскемен қаласының құрметті азаматы.

Е.П. Славский Кеңес Одағындағы және Қазақстанның атом өнеркәсібінің негізін салушы және басшысы болып табылады. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен, Үлбі металлургиялық зауытында атом энергетикасын дамытуға байланысты жобалар белсенді жүзеге асырыла бастады. Е.П. Славский Өскеменнің және облыстың дамуына өзінің үлкен бір үлесін қосты.

Е.П. Славский 20 жылдан астам уақыт бойы КСРО Жоғары кеңесінің депутаты болып сайланған. Ол Өскемен қаласы мен областың дамуына үлкен үлес қосты. Оның бастамасымен және қолдауымен тұрғын үй орамдары, мектептер, бала-бақшалар, музыка мектептері, Спорт сарайы мен көптеген демалу мекемелері салынған.

Е.П. Славскийдің еңбектерін еске алу құрметіне орай, 1998 жылы, оның жүз жылдық мерейтойы аталынған жылы, Үлбі металлургиялық зауыт қызметкерлерінің ұсынысы бойынша Ертіс жағалауы Е.П. Славский атындағы жағалау атауына ауыстырылған болатын. 2011 жылғы тамыз айының 25 жұлдызында «ҮМЗ» АҚ ұжымының бастауымен оның атын алып жүрген жағалауда аңызға айналған Ортамаш Министріне ескерткіш-мүсін орнатылды.

2018 жылғы 26 қазан күні Ефим Павлович Славский 120 жасқа келер еді.

 ·  «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ - атом энергетикасының, электрондық, металлургиялық өнеркәсіптің және басқа қызмет салаларының қажеттіліктеріне арналған әлемдегі танымал уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.

·   «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – табиғи уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы және уран, сирек металдар және атом электр станцияларына арналған ядролық отын импорттау және экспорттау бойынша Қазақстан Республикасының ұттық операторы болып табылады. Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобына 46 кәсіпорын кіреді, бұл кәсіпорындарда 20 000 астам адам жұмыс істейді. Оның активтерін геологиялық барлау; уран өндірісі; ядролық отын циклы өнімдерін өндіруден бастап, ғылым, әлеуметтік қамтамасыз ету, оқытуға дейінгі түпкілікті өнімнің өндірістік тізбегіне қатысатын кәсіпорындар кешені құрайды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

 «ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі