АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуратурасының ұсынуы бойынша Өскемен қ. Мемлекеттік кірістер басқармасы Үлбі металлургиялық зауытында (ҮМЗ) салық есептілігіне камералық бақылау жүргізді, нәтижесінде МКБ қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемнің азайтылу бөлігінде бұзушылықтарға назар аударды.

ҮМЗ ерікті тәртіпте сот актілерін орындады және 2019 ж. мамыр айында мемлекеттік бюджетке 399,68 млн теңге төледі.  ҮМЗ қоршаған ортаға шығарылымдар үшін төлемді  абайсызда азайтуы ҚР 2008 жылғы Салық кодексінің 495-бабы 6-тармағын металлургиялық қайта жасауда түзілетін шламдар үшін қоршаған ортаға эмиссия төлемінің мөлшерлемесін есептеу бөлігінде әртүрлі түсіндіру нәтижесінде туындады. 

ҮМЗ қала түзуші кәсіпорын, зауытта 4315 адам жұмыс істейді, өңірдің дамуына елеулі үлес қосады және жыл сайын мемлекеттік бюджетке 5 млрд теңгеден артық салық төлейтіндігін атап өту қажет. 2018 жылы ҮМЗ бюджетке  5 млрд 4 млн теңге аударды, ал 2019 ж. 9 айында 3 млрд 989 млн теңге төледі.  

 ·   «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ - атом энергетикасының, электрондық, металлургиялық өнеркәсіптің және басқа қызмет салаларының қажеттіліктеріне арналған әлемдегі танымал уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. 

·   «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – уран мен оның қосындыларының, сирек металдар, атом электростанциялары үшін ядролық отын, арнайы құрал-жабдық, қос арналымдағы технологиялар мен материалдар экспорты бойынша Қазақстанның ұлттық операторы. Қазатомөнеркәсіп компания тобына 46 кәсіпорын кіреді, онда 20 000-нан астам адам жұмыс істейді. Активтерге өндірістің соңғы өнім тізбегіне қатысатын кәсіпорынның барлық комплекстері кіреді –  геологиялық барлау, уран өндіру және ядролық отынды шығарудан бастап, ғылым, әлеуметтік қамтамасыздандыру мен оқытуға дейін. 

 «ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі