БАСПАСӨЗ-БАЯНЫ. «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі тағайындалды

 Өскемен қ. 25.09.2018 ж.

 Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ Қазынашылық басқармасының бастығы Ақан Айдын Мұхитұлы болды.

 Айдын Мұхитұлы 1986 жылы туған. Азаматтығы – ҚР. 2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітірді. 2011 жылы «Қаржылық математика» мамандығы бойынша King’s College London магистратура бағдарламасын бітірді. 2011 бастап 2012ж. аралығында – S&P Global Platts (Лондон, Великобритания қ.) агенттігінің талдаушысы болып жұмыс істеді; 2012 бастап 2013ж. аралығында – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Инвесторлармен байланыс департаментінің аға талдаушысы»; 2013 бастап 2018ж. аралығында – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Қазынашылық және корпоративтік қаржыландыру департаменті директорының орынбасары, жетекші талдаушы»; 2018 бастап 2019ж. аралығында – «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ қаржылық бақылау департаменті директорының орынбасары»; 2019ж. маусымнан бастап – «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ Қазынашылық басқармасының бастығы, Директорлар кеңесінің қазіргі құрамына сайланған күні - 26.08.2019 ж.

 ·  «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-атом энергетикасы, электрондық, металлургия өнеркәсібі және басқа да қызмет салаларының қажеттіліктері үшін әлемде танылған уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі.  Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.

 ·    «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ табиғи уран өндірудегі әлемдік көшбасшы және Қазақстан Республикасында уран, сирек металдар мен атом электр станциялары үшін ядролық отын импорты мен экспорты бойынша ұлттық оператор болып табылады. Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобына 20 000-нан астам адам жұмыс істейтін 46 кәсіпорын кіреді. Активтер геологиялық барлаудан, уран өндіруден және ядролық отын өндіруден бастап ғылымға, әлеуметтік қамтамасыз етуге және оқытуға дейінгі соңғы өнімдердің өндірістік тізбегіне қатысатын кәсіпорындардың барлық кешендерін қамтиды.

  «ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі