Коронавирустық инфекцияның тарауын алдын-алу бойынша шаралар жоспары

«ҮМЗ» АҚ ДСҰ-ның COVID-19 пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» жарлығының негізінде коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға арналған іс-шаралар жоспарын жасады.

Үлбі металлургия зауытында жұмысшылардың денсаулығын сақтау үшін бірқатар шаралар қабылданды.

Кәсіпорынның бірінші басшыларының құрамында штаб ұйымдастырылды. Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес қызметкерлер алдын-алу шаралары туралы хабардар етіледі – өткізу пункттерінің экрандарында плакаттар мен бейнероликтер орналастырылды, корпоративтік басылымда және зауыт радиосында жариялаулар үнемі шығарылып таратылады.

ҮМЗ уран, бериллий, тантал өндірістерінің барлық жұмыскерлері үшін, еншілес және мердігерлердің жұмыс орындарында температураны күнделікті бақылау ұсынылады

Медициналық пунктер персоналы денсаулыққа қатысты шағымдар түскен жағдайда қалай қарау керектігі туралы нұсқаулар берілді.

26 наурыздан бастап төтенше жағдай аяқталғанға дейін Үлбі металлургиялық зауытының кеңсе жұмысшыларының бір бөлігі қашықтық жұмыс кестесіне көшірілетін болады.

Қашықтан жұмыс режимі мүмкін болмаған өндіріс қызметкерлері үшін қосымша дезинфекциялық құралдар, мысалы санитарлық тазартқыштар сатып алынады, медициналық маскалар мен респираторлардың қоры жасалды.

Жұмыс орындарындағы жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық бөлмелердің санитарлық және дезинфекциялық режимі күшейтілді, қосымша тазартудың жаңа кестесі жасалды. Жұмыскерлерді таңертең жұмысқа жеткізетін көліктер күн сайын дезинфекциялық құралдармен қосымша тазартылады.

Барлық іссапарлар Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де тоқтатылды.

Сондай-ақ, барлық мәдени және спорттық іс-шаралар, форумдар, көрмелер, курстар, тренингтер, жиналыстар, оқулар мен жаттығулар тоқтатылды.

Алдын-алу шаралары туралы ақпарат ҮМЗ және әскери бөлім аумақтарында жұмыс істейтін барлық еншілес және мердігерлерге жеткізіледі.

Сондай-ақ өндірістік қызметке тікелей әсер етпейтін жабдықтар мен технологиялық учаскелердің жұмысын тоқтату туралы мәселесі қарастырылады

«ҮМЗ» АҚ – Өскеменнің ірі қала құраушы кәсіпорындарының бірі. Зауыттың басшылығы мен жұмысшылары тұрақты эпидемиологиялық және әлеуметтік жағдайды сақтаудың ортақ іске қатысатындығын толық біледі.

• «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ – атом энергетикасы, электронды, металлургия өнеркәсібі және басқа да қызмет салалары үшін уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін әлемдегі танмал өндірушілердің бірі,. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.

• «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ табиғи уран өндірісінің әлемдік көшбасшысы және уран, сирек металдар мен атом электр станцияларына арналған ядролық отынды импорттау және экспорттау бойынша Қазақстан Республикасындағы ұлттық операторы болып табылады. Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобының құрамына 20 000 адам жұмыс істейтін 46 кәсіпорын кіреді. Активтер құрамына барлау, уран өндіру және ядролық отын өндіруден бастап ғылымға, әлеуметтік қамсыздандыру мен оқытуға дейінгі дайын өнімнің өндіріс тізбегіне қатысатын кәсіпорындардың барлық кешендері кіреді.

«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі