Жер сағаты

28 наурызда Үлбі металлургиялық зауыты «Жер сағаты-2020» ғаламдық экологиялық акциясына қатысты. 20.30-да зауытбасшылығы көшедегі шамдарды сөндірді.

Акцияны Дүниежүзілік табиғат қоры ұйымдастырады. Бұл акцияны әлемде 2007 жылдан бері, ал Қазақстанда – 2009 жылдан бері өткізіп келеді. Бұл жер шарындағы ең ауқымды экологиялық оқиға. Табиғатқа адалдығын көрсету үшін бүкіл әлемдегі адамдар бір сағатқа шамдарды сөндіреді. Өскеменде бұл әлемдік флешмоб «ҮМЗ» АҚ-мен бірге «Казцинк» ЖШС, «ӨТМК» АҚ және «ӨЖЭО» ЖШС қолдауымен өтті.