Олар жеңіс күнін жақындатты...

Сұрапыл жылдар Ұлы Отан соғысына қатысушылардың естерінде ауыр қасірет ретінде жатталып қалды. Үлбі металлургия зауытында Жеңіс күнін барша ұжыммен бірге үш ардагер, концлагерьдің кәмелетке толмаған бір тұтқыны және 568 тыл еңбеккері қарсы алуда.

Майданнан оралған жүздеген сарбаз Үлбі металлургия зауытының құрылысы мен қалыптасуына қатысты. Майдангерлерге жұмыстың ең қиын салалары жүктелді. Мәселен, калий фтортанталаты мен калий фторниобаты кристалдарын натриймен қалпына келтіруші аппаратшылар ретінде тек соғыс ардагерлері ғана және тек күндізгі ауысымда жұмыс істеді. Бұл жер жарылыс қаупіне байланысты өте қауіпті болды.

 «ҮМЗ» АҚ жыл сайын Жеңіс күніне орай өзінің құрметті ардагерлеріне қаржылай қолдау көрсетеді. 2020 жылы осы мақсатқа 6 500 000 теңгедей қаражат бөлінді. Мереке қарсаңында «ҮМЗ» АҚ корпоративті мәдениет бөлімінің мамандары Ұлы Отан соғысының қатысушыларын үйлеріне барып құттықтады.

 БІЗДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАР

Татьяна Пименова, 1924 жылғы 26 қаңтар

Татьяна Андреевна Қызыл әскер қатарына 1942 жылы шақырылған. Солтүстік Кавказ майданындағы шайқастарға қатысты. Әскери қызметі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған. 1961-1979 жылдар аралығында Үлбі металлургия зауытында машиналық есептеу станциясының

 Александр Демидов, 1925 жылғы 7 желтоқсан

Александр Феофанович 17 жасында, 1942 жылғы ақпанда Қызыл армияның жауынгері атанды. Кеңес армиясында қызметін штабта жеке рота командирінің көмекшісі ретінде бастады. Александр Демидов Чань-Чунь қаласындағы бөлім командирінің көмекшісі ретінде Қиыр Шығыс майданында жапондармен шайқасты. 1948 жылы демобилизацияланған. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған. 1953 жылы ҮМЗ-ге көлік бөлімінің жұмысшысы болып келеді. 1969 жылы оны 30-шы цехқа аппаратшы етіп ауыстырды, сонда 1979 жылы зейнетке шыққанға дейін жұмыс істейді. ҮМЗ-де еңбек еткен соғыс ардагерлері туралы материалдар мұқият жиналып, зауыттың көрме-ақпараттық орталығында сақтаулы.

 Евгений Лескин, 1924 жылғы 1 қаңтар

1942 жылы қарашада Евгений Емельянович зеңбірекші-радио операторы әскери мамандығын алып, Ленинградқа ауыстырылды. Қоршау алынып тастағаннан кейін Евгений Лескин Эстонияда шайқасты. Ерлігі мен батылдығы үшін Евгений Лескин ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Үлбі металлургия зауытына Евгений Емельянович 1959 жылы келді. Бериллий өндірісі цехында аппаратшы болып жұмыс істеді, кейін қойма шаруашылығына ауыстырылды.

 ҮЛКЕН ЖЕҢІСТІҢ ШАҒЫН ӘҢГІМЕЛЕРІ

Соғыс жылдарында бала болған тыл еңбеккерлерінің естеліктері көптомдыққа жетеді. Жеңіс солардың қолымен тылда жасалды. Бұл балалықсыз өткен балалық шақ туралы әңгімелердің азғана бөлігі.

Таисия Кузьминична Стрыгина солжылдары Сталинград облысындағы ауылдардың бірінде тұрған. Тася басқа қыздармен күн сайын темекі өсіретін алқапта жұмыс істейтін. Таңертең оларды ауылдан бірнеше шақырым жерде жұмыс істеуге апарып, күніне біраз тамақ қана беретін. Темекіні арамшөптерден тазартып, суару керек еді, содан кейін оны шатырларға кептіру үшін таситын. Құрғақ жапырақтарды кесіп, майданға жіберетін.

Борис Николаевич Сараев соғысқа дейін Харьковтың жанындағы Алексеевка ауылында тұрды. Харьковты жау алмас бұрын ол пулемет оқтарының астында Дон өзеніндегі көпірден өте алды, кейін көпір жарылды.

Оралға жеткеннен кейін Борис колхоздың алқаптарында жұмыс істеді. Таңғы 5-тен қараңғыға дейін ол көкөністерді жинады, шөп шапты, өгізбен астықты элеваторға жеткізді. Жасөспірімнің бір жұмыс күніне жарты күннің ақысы есептелетін.

Эуист Мәкішұлы Оразғалиев сегіз жасынан Белоусовкадағы «Қызыл партизан» ұжымшарында қырманшы, шөп шабушы болып жұмыс істеді. Соғыс жылдарындағы басты жұмыстардың бірі «Сталиндік орман Отырғызу» болатын. Эуист балалармен Белоусовка айналасына ағаш отырғызды. Қанша жыл өтсе де, сол ағаштар әлі де өсіп тұр.

Зинаида Егоровна Гайнудинова соғыс басталған кезде кішкентай қыз болтын. Отбасы Большенарым ауданындағы Поляковкада тұрды. 1944 жылдан бастап біздің кейіпкеріміз ауылшаруашылық жұмыстарымен айналыса бастады, балалар шөп шабуға, егістік алқаптарын күтуге, масақ жинауға тартылды. Зинаида Егоровна мына бір жайтты еске түсіреді. Анасы бауырын дүниеге әкелген кез, балалар үйге қар астында қалған масақтарды теріп алып келеді. Баламен әуре болған анасының олардан ештеңе дайындауға уақыты болмайды, осы жайт отбасының өмірін сақтап қалыпты. Мұндай масақтардан пісірілген тамақты ішкен көптеген адамдар қайтыс болған екен.

Нонна Александровна Слукина 1941 жылы үшінші сыныпты бітірген-ді. Балаларды жалғыз тәрбиелеп өсірген анасы еңбек майданына жұмылдырылады. Тоғыз жастағы Нонна мен оның ағасы Свердлов облысын-дағы балалар үйіне жіберіледі. Балаларға ешкілерді жайып, оларды тамақтандыру үшін қайың бұталарын жинау тапсырылды. Нонна Александровнаның айтуынша, норма күніне 100 бума бұтақ болатын. Ағашқа өрмелеп, бұтақтарды сындырып, байлап, құрғату керек еді. Ал ешкі сүті жараланған сарбаздарға берілетін.

Инна Григорьевна Ходько соғыс басталғанда бес ала еске алады. 1942 жылы Өскеменде су тасқыны болып, отбасы тұратын үйді су басады. Міне-міне, су шатырға жетуге жақын. Осы сәтте есік ашылып, қайықтың ұшы көрінеді. Сол кезде бүкіл отбасын кімнің сақтап қалғанын ол әлі күнге дейін білмейді, өйткені ер адамдардың барлығы дерлік майданда болғанды.

МӘҢГІЛІК ПОЛК БОЛАДЫ!

ҮМЗ кәсіподағының мүшесі Людмила Буфатина Ұлы Отан соғысы сарбаздарының фотосуреттерін үйлердің балкондары мен терезелеріне қою туралы бастама көтерді.

Бұл идеяны кәсіподақ мүшелері, Үлбі металлургия зауытының зейнеткерлері және жастар бірлестігінің мүшелері қызу қолдады. Қазірдің өзінде қаланың әртүрлі аудандарындағы 28 үйдің тұрғындары акцияға қолдау білдіріп отыр.

Людмила Вагизовна акцияға үлбіліктер мен барлық қала тұрғындары қатысса деген ойымен бөлісті. 8, 9 және 10 мамырда терезелерге суреттер қою арқылы біздің қаһармандарымыз өздерінің 75-ші жеңісті көктемін қарсы алады. Биыл карантинге байланысты салтанатты шеру жүрмесе де, мереке біздің жүрегімізде болмақ. 9 мамырда, сағат 21.00-де барлық өскемендіктер соғыс құрбандарын еске алу үшін өз терезелеріне шырақ қояды... Бізге қосылыңыздар!

№53 (17904) 7 мамыр 2020 жыл DIDAR