Аффинаж өндірісі: УӨ үздік технологиясы

25 Маусым күні «ҮМЗ» АҚ Көрме-ақпараттық орталығында уран тотығы-тотығының аффинажды өндірісін қайта құру жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.

АФФИНАЖДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Уран бизнесі саласындағы зауыттың негізгі стратегиялық мақсаттары әлемдік уран нарығында жетекші орынға ие «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ – ның даму стратегиясын қолдауға, неғұрлым жоғары технологиялық дайындық өнімдерін сатуды ұлғайтуға, сондай-ақ табиғи уранның химиялық концентратын уран тотығы-тотығына дейін қайта өңдеу жөніндегі қызметтер нарығындағы позицияларды нығайтуға бағытталған.

Жобаланатын аффинаж өндірісінің басты артықшылықтарының бірі-сұйық радиоактивті қалдықтарды жою және қауіпті химиялық заттарды тұтынуды азайту арқылы қоршаған ортаға әсерді азайту. Сондай-ақ аффинаж зауытта әлемдік экология және энергия үнемдеу стандарттарын ескере отырып, ядролық отын өндіру бойынша озық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

КАНАДАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Аффинаж өндірісінің негізі осы нарық сегментіндегі әлемдік көшбасшы – канадалық Cameco компаниясының технологиясы болады. Жобаны іске асыруға бірқатар құжаттарға қол қою ықпал етті. Олардың арасында ҚР мен Канада үкіметтері арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім және уранды тазарту технологиясы мен оны пайдалану құқығын беру және жәрдемдесу туралы шарт бар.

МЕРЗІМІ МЕН КӨЛЕМІ

Аффинаж өндірісін іске қосу 2025 жылдың ортасында, ал жобалық қуатқа шығу жылдың соңында жоспарланып отыр. Шығарылатын өнім көлемі жылына 6 000 тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта жоба іске асырудың бастапқы сатысында және практикалық іске асырылғанға дейін көптеген кезеңдерден өтуі керек.

ОРНАЛАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ

Аффинаж өндірісі «ҮМЗ» АҚ-ның Солтүстік алаңында орналасқан 600 ғимараттың бос алаңдарында орналастырылатын болады. Мұнда қолданыстағы қажетті энергиямен жабдықтау, коммуникация, сигнализация, қауіпсіздік жүйелері, ыңғайлы көлік және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы бар.

ТЫҢДАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша «ҮМЗ» АҚ. «600 ғимарат. Қайта жаңарту. Қуаты жылына 6 000 тонна уран шала тотығы-тотығының аффинажды өндірісі» инвестициялық жобасы бірауыздан мақұлданды. Осылайша, оны іске асыру үшін рұқсат алынды.