«ҮМЗ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА МҮШЕСІ

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі отырысының 2020 жылғы 1 қазандағы №11/20 хаттамасына сәйкес Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі сайланды. Ол «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Бежецкий Сергей Владимирович. «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін сайланды. Бұған дейін Директорлар кеңесінің мүшесі болған Медео Рустам Колыбековичтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Бежецкий Сергей Владимирович

Білімі:

1994 ж. – Томск политехникалық университетінің «Ядролық-химиялық технология» мамандығы

2009 ж. – «Мемлекеттік университет – Экономика жоғары мектебі» Жоғары кәсіптік білім беретін мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінде «Іскери әкімшілендіру шебері» біліктілігі.

Еңбек қызметі:

1994 ж. – АЭС үшін отынды өндіру бойынша зауыттың «В» цехының 6-разрядты аппаратшысы;

1995 ж. – АЭС үшін отынды өндіру бойынша зауыттың «В» цехының ауысым шебері;

1999 ж. – уран өндірісінің «В» цехының ұнтақтарды өндіру бөлімшесінің технологы;

2002 ж. – уран өндірісінің «В» цехы бастығының орынбасары – технолог;

2004 ж. – уран өндірісі директорының өндіріс жөніндегі орынбасары;

2008 ж. – уран өндірісінің директоры;

2009 ж. – уран өндірісінің директоры, «ҮМЗ» АҚ Басқарма мүшесі;

2018 ж. – «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – бас инженер, «ҮМЗ» АҚ Басқарма мүшесі.

2020 ж. – «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы.

Еңбек өтілі:

Жалпы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесінде – 22 жыл, «ҮМЗ» АҚ жүйесінде – 26 жыл.

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ – атом энергетикасы, электрондық, металлургия өнеркәсібі және қызметтің басқа да салаларының мұқтаждықтары үшін әлемде танылған уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.

«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі