Олардың жүрегінде ұшқын бар

Қазан айының басында зауыттың 12 қызметкері «ҮМЗ» АҚ Үздік электргазбен дәнекерлеушісі» атағы үшін сайысты.

Біздің кәсіпорын қызметкерлері арасында кәсіби шеберліктің байқау-сайысы алғаш рет 2017 жылы Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің (ӨкТК) базасында өткізілді. ҮМЗ ұзақ жылдар бойы осы оқу орнымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді.

Осы іс – шараның барлық қатысушылары – «жарқын» ерлер. Данил Куксов, Николай Батенев, Алексей Раманов, Сергей Лямкин, Виктор Белан, Дмитрий Черемнов, Алексей Бастоногов, Александр Смирнов, Федор Бабин, Евгений Костюченко, Қайрат Мұхаметқалиев және Валерий Рязанов – дәнекерлеу ісінің тәжірибелі шеберлері.

Жабдықты пайдалану қызметінің (ЖПҚ) бастығы Павел Казанцевтің төрағалығымен қазылар алқасы қатысушылардың кәсіби шеберлігін бағалады.

Байқау-сайыс екі кезеңнен – тестілеу мен практикалық тапсырмадан тұрды. Екі кезең үшін ең көп балл – 100.

Практикалық тапсырмада 45 минут ішінде байқауға қатысушылар құбырды құрастыру, ұстау және дәнекерлеу жұмыстарын орындауы қажет болды. Егер қатысушы түзетілмейтін ақауға жол берсе, ол шығып қалады. Сондай-ақ, қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтамағаны үшін конкурстан шығарылуы мүмкін.

Сіз дәнекерлеу кезінде «күйіп кетуге» болатындығын білдіңіз бе?

Доғаның жануы кезінде спектрде ультракүлгін және инфрақызыл сәулелер пайда болады. Ультракүлгін дененің ашық жерлеріне теріс әсер етеді. Бұл күйік пен көзге зақым келтіруі мүмкін.

Ешқандай доғалық дәнекерлеу жеке қорғаныс құралдарын – әртүрлі оптикалық тығыздықты таңдау мүмкіндігі бар маскаларды, арнайы киім денесінің барлық бөліктерін жабатын қолғаптарды, шуға қарсы құлаққаптарды, респираторларды қолданбай орындалмауы керек.

Жүлделі орындар келесідей бөлінді. Қайрат Мұхаметқалиевке екі жарым базалық жалақы мөлшерінде ақшалай сыйақы төлене отырып, «ҮМЗ» АҚ Үздік электргаздәнекерлеуші» атағына ие болды. Алексей Бастоногов екінші орын мен бір жарым базалық жалақы сыйлығын алды. Федор Бабин бір базалық жалақымен үздік үштікті жапты. Конкурстың қалған қатысушылары да базалық жалақының төрттен бір бөлігі мөлшерінде материалдық сыйақы алды.

Павел Казанцев, ЖПҚ бастығы:

– ӨкТК базасында кәсіби шеберлік конкурстары төртінші жыл өтіп жатқанына қарамастан, электргазбен дәнекерлеушілер үшін бұл жерде алғаш рет жарыс өткіздік. Бұл жақсы тәжірибе болды. Зауыт пен колледж мамандары бізге өте пайдалы бірнеше қызықты идеяларды ұсынды. Мысалы, бұрын қатысушылар қағаз билеттерге жауап беретін. Бұл жолы олар компьютерлерде сыналды.

Барлық қатысушылар тең жағдайда болды. Тестілеу кезінде бір сағат ішінде 60 сұраққа жауап беру керек болды. Қатысушылардың теориялық бөлімге жауапкершілікпен дайындалғаны сезіледі, дұрыс жауаптардың пайызы өте жоғары болды.

Барлық өндірістер конкурсқа лайықты үміткерлерді ұсынғанын атап өткім келеді. Қатысушылардың барлық үлгілері сапалы және технологияны сақтай отырып дәнекерленген. Жеңімпазды анықтау қиын болды, бірақ сайыстың аты сайыс, қорытынды кестенің нәтижелері бойынша ең мықты үштік таңдалды!

Наталья Апанасенко