Жоғары марапат!

13 қаңтарда Көрме-ақпараттық орталығында «В.П.Потанин атындағы сыйлықтың лауреаты» атағын берудің салтанатты рәсімі өтті.

Бұл жолы іс-шара мерейтойлық болды. 95 жыл бұрын еліміздің атом өнеркәсібінің көрнекті басшысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнертапқышы, техника ғылымдарының кандидаты, Ленин, Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» екі орденінің кавалері – Владимир Петрович Потанин дүниеге келді.

Пандемия кезеңі көптеген қатысушыларды жинауға мүмкіндік бермеді. Сондықтан сыйлыққа ұсынылған жұмыстардың ұйымдастырушылары, басшылығы мен авторлары қатысты. Құрметті қонақ Владимир Петровичтің қызы – Тамара Владимировна Башкатова күйеуі Юрий Григорьевичпен бірге болды. Екеуі де ҮМЗ-де көп жыл жұмыс істеді. Іс-шараға сондай-ақ олардың қызы, Владимир Потаниннің немересі Татьяна Штыкель шақырылды, ол қазір өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директор қызметінде жұмыс істейді.

«Владимир Петрович Потанин атындағы сыйлықтың лауреаты» атағы – ең жоғары зауыттық марапат. Ол 2001 жылы құрылған және ҮМЗ Басқармасының шешімімен енгізілген жобалары үшін үш жылда бір рет беріледі. Бағалауды сараптау комиссиясы жүзеге асырады. Сыйлықты тек бір рет алуға болады. Оның мақсаты – инновациялық қызметті ынталандыру.

Соңғы рет зауыт қызметкерлері 2011 жылы сыйлыққа ие болды. Мүмкін, осыған байланысты 2020 жылы өтініш берушілердің белсенділігі жоғары болған шығар: сыйлық алуға алты жұмыс ұсынылды.

Беделді марапатты табыстау сараптау комиссия төрағасының орынбасары – 2001 жылғы сыйлықтың лауреаты Александр Борсуктың құттықтау сөздерінен басталды: «Іс-шараға қатысушылардың аз ғана бөлігі бізді толғандыратын қуаныштан арылтпайды!».

Жоғары марапаттарды сараптау комиссиясының төрағасы – ҮМЗ Басқарма Төрағасы, В.П.Потанин атындағы 2005 жылғы сыйлығының лауреаты Сергей Бежецкий табыстады. Оның айтуынша, сыйлық алу жоба кәсіпорында өте маңызды деп танылғанын білдіреді.

«Үздіксіз жұмыс істейтін кристаллизаторларда үздіксіз тұндыру технологиясы бойынша калий фтортанталатын алу» жұмысы үшін «В.П.Потанин атындағы сыйлықтың лауреаты» атағы Александр Ангилевкоға, Антон Бабинге, Евгений Крыгинге, Максим Буфатинге және Людмила Марянинаға берілді.

«AFA 3G отын жинақтарына арналған уран оксидтерінен жасалған таблеткаларды өндіру технологиясын әзірлеу және дамыту» жұмысы үшін «В.П.Потанин атындағы сыйлықтың лауреаты» атағына Владимир Вахненко, Владимир Беспалов, Владислав Когай, Ольга Кондратенко, Ирина Малютина, Фархад Саттаров, Галина Шевченко, Евгений Кириллов лайық деп танылды.

«ҮМЗ» АҚ-да жоғары байытылған уранды қайта өңдеу учаскесін ұйымдастыру» жұмысы үшін «В.П.Потанин атындағы сыйлықтың лауреаты» атағына Константин Кузьмин, Алексей Болтанов, Михаил Козионов, Галина Гусакова, Игорь Леваневский лайық деп танылды.

«Тазалығы жоғары техникалық бериллийді алуға бағытталған шешімдер кешені» жұмысы үшін «В.П.Потанин атындағы сыйлықтың лауреаты» атағы Евгений Францқа, Дулат Есімовке, Александр Матвиенкоға және Андрей Тримасовқа берілді.

Барлығы, 2021 жылы «Жаңа техника мен технология» және «Экономика, еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару» номинациялары бойынша төрт жұмысы үшін 22 қатысушы марапатталды.

Марапаттаудан кейін Потанин атындағы 2021 жылғы сыйлығының лауреаттары сөз сөйледі: УӨ директоры Константин Кузьмин, БӨ директоры Евгений Франц және ТӨ директорының орынбасары – бас технолог Евгений Крыгин. Потаниндердің отбасы атынан Тамара Владимировна зауыт жұмысшыларына лауреаттар тобын жаңа есімдермен толтыруды тіледі.

Марапаттау рәсімі Владимир Петрович Потаниннің ескерткішіне дәстүрлі гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.

Юлия Антонова