Тағы да үздік атанды!

2020 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша «ҮМЗ» АҚ Шығыс Қазақстанның «Сыртқы экономикалық қызметінің үздік қатысушысы» болып танылды.

Номинация ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жариялаған конкурс аясында берілді. ҮМЗ – дан басқа оған облыстың барлық аудандарынан кәсіпорындар қатысты.

Жеңіс зауытқа келесі көрсеткіштерге қол жеткізудегі жоғары нәтижелер үшін берілді:

– экспорт-импорт операцияларының саны;

– кеден және салық заңнамасын бұзушылықтардың болмауы;

– бюджетке кеден және салық төлемдерін төлеудің толықтығы;

– кедендік және салықтық әкімшілендіру жүйесін енгізу бойынша Қаржы министрлігінің пилоттық жобаларына қатысу;

– кедендік реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу.

Ресми марапаттау рәсімі өткен жылдың 29 желтоқсанында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында өтті. Іс-шарада Үлбі металлургиялық зауытының атынан өткізу жөніндегі директор Александр Ходанов және кедендік қамтамасыз ету және лицензиялау бөлімінің бастығы Сергей Штейн қатысты. Жеңімпаз дипломын ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркін Жолдасбаев табыс етті.