Тарих марапаттары

«ҮМЗ-Информ» корпоративтік газеті редакциясының қызметкерлері – баспасөз қызметінің басшысы Алексей Проскуряков және БАҚ-пен жұмыс жөніндегі менеджер Анна Чумина – Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту тақырыбын үздік жариялау конкурсында үшінші орынға ие болды.

Конкурсты «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ және «Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ біздің республикамыздың бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында төрт номинация – теле-, радио-, интернет-, баспа БАҚ бойынша өткізді.

Баспасөз қызметінің қызметкерлері бірлесіп «Бейбітшілік үшін» материалдар топтамасын дайындады. Оның тақырыбы – Үлбі металлургия зауыты мен «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ-ның тарихы мен қазіргі заманғы дамуы. Мақалалар «ҮМЗ-информ» корпоративтік газетінде, облыстық және қалалық БАҚ-та жарияланды.

Осы номинацияда бірінші орынды («Баспа БАҚ-тағы үздік жарияланым») Өскемен қаласынан келген жазушы, ақын, кинорежиссер, оператор, ҚР Журналистер одағының мүшесі Анатолий Лаптев иеленді. Оның 2020 жылдың қараша айында Республикалық «Аргументы и факты» газетінде жарық көрген «Үлкен атом энергиясы» атты материалдар топтамасы зауыттың баспасөз қызметінің көмегімен де дайындалды.

Материалдарды дайындауға көмектескені үшін, атап айтқанда бірегей тарихи мәліметтер үшін Алексей мен Анна Альберт Хоффманға, Светлана Мордвиноваға алғысын білдіреді.

Юлия Антонова