Сақтандырылды!

20 қаңтарда 2021 жылға зауыт қызметкерлерін ерікті медициналық сақтандыру шарты жасалды.

Медициналық қызметтер кешені сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін зауыт емханасының ғимаратында (500 корп.) «Медикер» ЖШС-мен көрсетіледі.

Бұл жолы сақтандыру 10 емес, 12 айға жасалды, 2021 жылдың 20 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 19 қаңтарына дейін. Сақтандыру компаниясының өзі де ауысты, енді ол қайтадан Halyk болды. Сақтандыру ақшалай лимиті бір адамға 800 000 теңгені құрайды. Бұған стоматологиялық қызметтер мен дәрі-дәрмектерге жұмсауға болатын 24 000 теңге мөлшеріндегі лимит кіреді. Егер дәрігер коронавирусқа күдіктенсе, ПТР тесті де осы қаражаттан төленуі мүмкін. Алайда, ПТР тесті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында (тұрғылықты жері бойынша) тапсырылып, стоматология мен дәрі-дәрмектерге бөлінген лимитті сақтап қалу тиімдірек болады.

Биылғы жылы сақтандыру бағдарламасына тұмауға қарсы вакцинация енгізілген.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР аумағында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру іске асырыла басталды, осыған байланысты жұмыс беруші бізді қосымша сақтандырды.

Аман-сау болыңыздар!

Алексей Проскуряков