Мерейтойлық партия

9 наурыз күні уран өндірісінің «В» цехының өмірінде маңызды оқиға болды. Бөлімше қазақстандық кен орындарының табиғи уранының химиялық концентратынан (ТУХК) алынған уранның тотық-шала тотығының төрт мың бес жүзінші партиясын өндіріп, дайын өнімдер қоймасына тапсырды.

ТУХК уран өндірісі бойынша өңдеу тарихы 2000 жылдың қаңтар айынан басталады. Осыдан жиырма жыл бұрын, 12 айда 500 тонна дайын өнім алынған. Жыл сайын шығару көлемін ұлғайта отырып, «В» цехы қазір өнімді сегіз есеге арттырды!

Бөлім конверсиялық қондырғыларда қосымша тазарту жұмыстарынсыз тікелей фторлауға жарамды ядролық таза тотық-шала тотықты алатындығын ескеріп атап өткен жөн. Осындай сапалы дайын өнімді Қазақстан Республикасында тек Үлбі металлургиялық зауыты ғана шығарады!

Уран өндірісінің көптеген мамандары жиырма жылдан астам уақыттағы ТУХК қайта өңдеу қызметіне айтарлықтай үлес қосты. Олар – Николай Абрамов, Сергей Бежецкий, Игорь Коробейников, Андрей Руфин, Евгений Малышкин, Иван Сердюков, Сеймихан Ахметов, Юрий Варывдин, Андрей Гофман, Андрей Гречаник, Константин Кузьмин, Виктор Коротин, Сергей Перминов, Борис Глинский, Сергей Михальчук, Евгений Ковтун, Евгений Созонов, Владимир Панфилов, Сергей Ковалев, Павел Крыжановский, Станислав Демидов, Гадил Касымбеков, Тарас Мазуров, Евгений Переседов, Дмитрий Петров, Александр Черданцев.

Георгий Тихонов, Дмитрий Астраханцев, Сергей және Александр Лантушенко, Владимир Горячев, Иван Федоров, Николай Мельниченко, Владимир Пехньо, Алексей Сербиненко, Виктор Тютюников сияқты аппаратшылардың күнделікті қажырлы еңбегінсіз бүгінгі жетістіктер мүмкін болмас еді. Ядролық бөлінетін материалдарды есепке алу тобының мамандары Александр Светаков пен Татьяна Васильеваның күш-жігерінің арқасында көп нәрсе жасалды.

Сонымен қатар энергетикалық және механикалық қызметтерге де аз ауыртпалықтар жүктелген жоқ.

ТУХК өңдеу процесінің техникалық дизайнын жақсартудағы ерекше жетістіктері үшін – Владимир Корнев, Николай Рыжих, Геннадий Сагачев, механиктер – Геннадий Корчагин, Вячеслав Камчатный, Александр Молявко, Вячеслав Михаловский, Кайдар Нургалиев және Юрий Ударцевті ерекше атап өту керек.

Аспап операторлары Юрий Рыжков, Александр Побединский және Александр Дюкарев аспаптардың ақаусыз жұмысын қамтамасыз етті.

Өнімдерді жөнелтуге дайындау жөніндегі үлкен жұмыстарды зарарсыздандырушылар – Марина Кочубей, Оксана Харченко, Людмила Костогруд, Галина Побединская, Сәуле Суурова және Шинясыл Илеубаева жүргізді.

Өкінішке орай, осы керемет адамдардың көпшілігі қазір біздің қасымызда жоқ, бірақ олардың өндірісі үшін жасаған істері әрдайым жадымызда сақталады. Қазақстандық кен орындарынан табиғи уранның химиялық концентратын өңдеу жұмыстары сәтті жалғасуда.

Енді «В» цехының мамандары мен ғылыми орталық мамандарының күш-жігері процесс кезінде пайда болатын қалдықтарды азайтуға, сонымен қатар жабдықтың өнімділігін арттыруға бағытталған.

ТУХК – аммоний полиуранаттарының және басқа уран қосылыстарының қоспасынан тұрады.