«ҮМЗ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА МҮШЕСІ

Өскемен қ-сы
01.04.2021 ж.

«ҮМЗ» АҚ-ның барлық дауыс беретін акцияларын иеленетін жалғыз акционерімен, Аманжолов Алмаз Канатбековичті жалпы «ҮМЗ» АҚ директорлар кеңесінің өкілеттігі аяқталғанға дейінгі мерзімге тәуелсіз директор етіп сайлау туралы шешім қабылдады («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ директорлар кеңесінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №1/21 бетпе-бет отырысының хаттамасы).

Аманжолов Алмаз Канатбекович

Білімі:

2002 ж. – Қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің «Менеджмент» мамандығы;

2006 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Менеджмент» мамандығы;

2016-2017 жылдары – Лондон Бизнес мектебіннің «Стратегия және көшбасшылық саласындағы Слоун Магистратурасы» бағдарламасы.

Еңбек қызметі:

2006 жылғы тамыз – 2010 жылғы желтоқсан аралығында – Deloitte ресурстар және энергия департаментінің аудитор ассистенті, аға аудиторы;

2011 жылғы қаңтар – 2011 жылғы маусым аралығынада – «Менеджмент Солюшенс» ЖШС қаржы менеджері;

2011 жылғы шілде – 2014 жылғы шілде аралығында – «Altyntau Kokshetau» АҚ Бас қаржылық бақылаушысы, «Казмырыш» ЖШС жобалау менеджері, «Altyntau Resources» АҚ стратегиялық даму және M&A департаментінің директоры;

2014 жылғы шілде – 2018 жылғы желтоқсан аралығында – «Odyssey Investments Group» ЖШС бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары, бас директоры;

2019 жылғы ақпан – 2019 жылғы желтоқсан аралығында – «Астана» халықаралық қаржы орталығының маркетинг жөніндегі директоры;

2020 жылғы қаңтар – 2020 жылғы қазан аралығында – AIFC Business Connect Ltd. мәмілелерді тарту жөніндегі директор («Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің еншілес компаниясы);

2020 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – AIFC Business Connect Ltd мәмілелерді тарту және құрылымдау дивизионының басшысы. («Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің еншілес компаниясы).

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ – атом энергетикасы, электроника, металлургия өнеркәсібі және басқа да қызмет салаларының қажеттіліктері үшін әлемдегі уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін ең танымал өндірушілерінің бірі болып табылады. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ табиғи уран өндірісінің әлемдік көшбасшысы және уран, сирек металдар мен атом электр станцияларына арналған ядролық отынды импорттау және экспорттау бойынша Қазақстан Республикасындағы ұлттық оператор болып табылады. Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобына 20 000-нан астам адам жұмыс істейтін 46 кәсіпорын кіреді. Ұлттық атом компаниясының активтері құрамына геологиялық барлау, уран өндіру, ядролық отын циклі өнімін өндіруден бастап ғылымға, әлеуметтік қамсыздандыру мен кадрларды даярлауға дейінгі дайын өнімнің өндіріс тізбегіне қатысатын кәсіпорындардың барлық кешендері кіреді.

«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі