«ҮМЗ» АҚ БАСҚАРМА ҚҰРАМЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ

Өскемен қ.
14.05.2021 ж.

«ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысының 2021 жылғы 5 мамырдағы №5 шешіміне сәйкес Үлбі металлургия зауыты Басқармасының құрамы өзгертілді. Басқарма құрамына Маркетинг жөніндегі басқарушы директор – маркетинг және өнімдік-маркетингтік стратегиялар орталығының директоры Талғат Ержанов және уран өндірісінің директоры Константин Кузьмин кірді.

Ержанов Талғат Бақытұлы

Талғат Бақытұлы 2005 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Құқықтану»мамандығы бойынша бітірген. 2006-2008 жылдары Прагадағы Charles университетінде International Economic and Political Studies мамандығы бойынша білім алған. 2014-2015 жылдары Economics and Policy of Energy and the Environment қоршаған орта саласындағы University College London (UCL) оқуға түсті.

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. Әр жылдары «ядролық технологиялар паркі» АҚ өкілдігінің маманы, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері болды. 2011 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ-да еңбек жолын бастады, онда тау-кен металлургиялық активтерді басқару дирекциясының Бас сарапшысы, содан кейін «Энергетика»секторының активтерді басқару дирекциясының аға менеджері болып жұмыс істеді. «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК»АҚ Директорлар кеңесі жанындағы Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі болды. 2019 жылы «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ-ға бизнесті дамыту және инвестициялар департаментінің директоры қызметіне ауысты. «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы бұйрығымен маркетинг жөніндегі басқарушы директор – маркетинг және өнімдік-маркетингтік стратегия орталығының директоры лауазымына тағайындалды.

Кузьмин Константин Александрович

Константин Александрович 1999 жылы «түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірген. 2012-2014 жылдары осы университетте «Экономика» мамандығы бойынша білім алған. ҮМЗ-дағы еңбек жолын 1999 жылы университетті бітіргеннен кейін уран өндірісі «В» цехының (УӨ) аппаратшысы болып бастады. Содан кейін «В» цехының ауысым шебері, «В» цехының ұнтақтар өндірісі бөлімшесінің технологы, «Р» цехының бастығы болып жұмыс істеді. 2017 жылғы сәуірден бастап уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру кезеңінде УӨ директорының өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды. «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №744 ЖҚ бұйрығымен уран өндірісінің директоры лауазымына ауыстырылды.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ – атом энергетикасының, электрондық, металлургиялық өнеркәсіптің және басқа қызмет салаларының қажеттіліктеріне арналған әлемдегі танымал уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – уран мен оның қосындыларының, сирек металдар, атом электростанциялары үшін ядролық отын, арнайы құрал-жабдық, қос арналымдағы технологиялар мен материалдар экспорты бойынша Қазақстанның ұлттық операторы. Қазатомөнеркәсіп компания тобына 46 кәсіпорын кіреді, онда 20 000-нан астам адам жұмыс істейді. Активтерге өндірістің соңғы өнім тізбегіне қатысатын кәсіпорынның барлық комплекстері кіреді – геологиялық барлау, уран өндіру және ядролық отынды шығарудан бастап, ғылым, әлеуметтік қамтамасыздандыру мен оқытуға дейін.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ орналастырылған акцияларының жалпы санының 75% иелік етеді, 25% – «Астана» халықаралық биржасында және Лондон қор биржасында еркін айналымда.

«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі