«ҮМЗ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА МҮШЕСІ

Өскемен қ.
04.06.2021 ж.

Арманжан Казмукашев жалпы «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттігі аяқталғанға дейінгі мерзімге тәуелсіз директор болып сайланды. Сайлау туралы шешімді «ҮМЗ» АҚ барлық дауыс беретін акцияларына иелік ететін жалғыз акционер – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қабылдады (Директорлар кеңесінің көзбе-көз отырысының 2021 жылғы 20 мамырдағы №5/21 хаттамасы).

Арманжан Казмукашев

Білімі:

2004 ж. – Қазақ мемлекеттік заң академиясының (ҚазМЗА) «Халықаралық құқық» мамандығы, Қазақстан Республикасы, Астана қ.;

2007 ж. – Атырау мұнай және газ университетінің «Инженерлік механика, құбыр жолдары» мамандығы, Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы;

2020 ж. – Кингстон университетінің «Инженерлік жобалар мен жүйелерді басқару» мамандығы, Біріккен Корольдік, Лондон қ.

Еңбек қызметі:

1997ж. маусым – 1997ж. тамыз – «Матин» БК ЖАҚ жобалау бөлімінің техникалық ассистент/аудармашы;

1999ж. маусым – 1999ж. тамыз – «Казахойл-Эмба» құрылыс бөлімінің құрылыс учаскесі бастығының ассистенті;

2003ж. маусым – 2005 ж. тамыз – «Аджип ККО» теңіз құрылысы бөлімінің әкімші, Атырау қаласы (Қазақстан);

2005ж. тамыз – 2007ж. шілде – «Аджип ККО» ОТБОС жерүсті құрылысы бойынша кіші кеңесші, Баутино кентіндегі (Қазақстан);

2007ж. шілде – 2009ж. наурыз – «Аджип ККО» Еуропалық рұқсаттар, реттеу және сәйкестік бөлімінің рұқсаттар жөніндегі аға маманы офшор, Милан қ. (Италия), Лондон қ. (Біріккен Корольдік);

2007ж. наурыз – 2010ж. маусым – «Аджип ККО» еуропалық рұқсаттар, реттеу және сәйкестік бөлімінің рұқсаттар бойынша аға маманы офшор, Милан қ. (Италия);

2010ж. маусым – 2011ж. шілде – Толық өнеркәсіптік пайдалану рұқсаттар жөніндегі аға кеңесші – құрлықта 2 фаза «Аджип ККО» Лондон қ. (Біріккен Корольдік);

2011ж. маусым – 2012ж. мамыр – «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» (ҚОМЖ – Си Эм Оу Си) жоба (дизайнының) рұқсаттары мен келісімдерінің үйлестіруші, Ақтау қ. (Қазақстан);

2013ж. қаңтар – 2015 ж. қыркүйек – «Теңізшевроил» ЖШС (Шеврон) ТШО ПБР нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі үйлестіруші, Фарнборо қ. (Біріккен Корольдік);

2015ж. қыркүйек – 2017ж. наурыз – «Теңізшевроил» ЖШС (Шеврон) ТШО ПБР нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі өндірістік топтың жетекші (Біріккен Корольдік, Корея, Италия, Қазақстан);

2017ж. наурыз – 2019ж. қаңтар – «Теңізшевроил» ЖШС (Шеврон), ТШО ККЖ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңесші Фарнборо қ. (Біріккен Корольдік);

2019ж. мамыр – 2020ж. мамыр – «ExxonMobil international – Rovuma LNG.» нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі кеңесші, Лондон қ. (Біріккен Корольдік);

2019ж. мамыр – 2020ж. мамыр – нормативтік қамтамасыз ету бойынша аға кеңесші – Еуропа, Африка «Clement Energy Partners LNG», Лондон қ. (Біріккен Корольдік).

• «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ – атом энергетикасының, электрондық, металлургиялық өнеркәсіптің және басқа қызмет салаларының қажеттіліктеріне арналған әлемдегі танымал уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.

• «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – уран мен оның қосындыларының, сирек металдар, атом электростанциялары үшін ядролық отын, арнайы құрал-жабдық, қос арналымдағы технологиялар мен материалдар экспорты бойынша Қазақстанның ұлттық операторы. Қазатомөнеркәсіп компания тобына 46 кәсіпорын кіреді, онда 20 000-нан астам адам жұмыс істейді. Активтерге өндірістің соңғы өнім тізбегіне қатысатын кәсіпорынның барлық комплекстері кіреді – геологиялық барлау, уран өндіру және ядролық отынды шығарудан бастап, ғылым, әлеуметтік қамтамасыздандыру мен оқытуға дейін.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ орналастырылған акцияларының жалпы санының 75% иелік етеді, 25% – «Астана» халықаралық биржасында және Лондон қор биржасында еркін айналымда.

«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі