15 ай ішінде үш кәсіпорында

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК «Ізбасар» атты бірегей бағдарламаны жүзеге асыруда. Оның мақсаты – уран өнеркәсібі кәсіпорындарында жұмыс істеу үшін жас мамандарды кәсіби дамыту. «Ізбасар» бағдарламасы арқылы кадрлар тек Қазатомөнеркәсіп үшін ғана емес, «ҮМЗ» АҚ сияқты еншілес кәсіпорындар үшін де дайындалуда. Зауыт жобаға қатысушыларды қабылдап жатыр. Біздің кейіпкеріміз Аида Әлиева – солардың бірі!

Жас мамандарды «оқыту» моделі өте қызықты. Еліміздің жоғары оқу орындарының үздік түлектері Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобында бес айдан үш ротацияға қатысады. Олар тәлімгерлерді, ақылы тағылымдаманы және тұру жағдайларымен қамтамасыз етіледі. Осы және басқалар туралы да біз Аидамен толығырақ сөйлестік…

– Аида, сіз қай жерде тудыңыз? Жасыңыз нешеде? Қай жерде оқыдыңыз?

– Мен 24 жастамын. Қарағанды қаласынан боламын. Нұр-Сұлтан қаласында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да оқыдым. Ол жерде «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратураны бітіріп шықтым. Негізгі тіл – ағылшын тілі, екінші тіл – неміс тілі болды. Сонымен қатар, ауызекі түрік тілін өз бетімен үйрендім.

– Сіз «Ізбасар» бағдарламасы туралы қайдан білдіңіз?

– Әлеуметтік желілердегі жарнаманы көрдім. Бастапқыда мен басқа «Жас өркен» бағдарламасына қатысуға өтінім бердім. Соңғы кезеңде «Ізбасар» жаңа бағдарламасына қатысу мүмкіндігі пайда болды. Содан кейін мені «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК топ-менеджерлерімен әңгімелесуге шақырды. Жобаның басты талабы – маман бағдарламаға қатысу барысында кез-келген жерде оқи алмайды. Яғни, бұл дегеніміз, сен 15 ай бойы барлық күш-жігеріңді тек қана жұмыс орындағы оқуға жұмсайтын боласын. Бағдарламаның мақсаты – қысқа уақыт ішінде атом саласының игілігі үшін жұмыс істейтін жоғары кәсіби мамандарды тәрбиелеу.

– Байқау қиын болды ма? Бір орынға қанша адамнан келеді?

– Панельдік сұхбатта (бұл іріктеудің соңғы кезеңі) біз 23 адам болдық. Салалар бойынша бес топқа бөлді: бір орынға төрт-бес адам шығады.

– Неліктен сіз HR, қызметкерлермен жұмыс істеуді таңдадыңыз?

– Себебі менің мамандығым коммуникациялық дағдыларымды барынша ашуға мүмкіндік береді. Ал, «Адам мен адам» арасындағы жақсы қарым-қатынас – бұл сәттіліктің жартысы деп есептеймін. Жалпы, маған адамдар арқылы бизнеске пайдалы болған ұнайды. Адамдар – кез келген компанияның басты ресурсы.

– ҮМЗ – бұл сіздің нешінші ротацияңыз?

– ҮМЗ – екінші ротация. Біріншісін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК корпоративтік орталығында өткен болатынмын. Қатысушыға бірінші ротация орнын Жоба командасы өзі таңдайды, ал келесі ротация үшін таңдау беріледі. Барлық үш ротацияда қызмет бағыттарын өзгертуге болады, бірақ мен HR бағытын таңдадым және осы бағытта дамып келемін. Бұл бағдарлама қызығының бәрі осында. Үш айналымның арқасында қатысушы әр түрлі бағытта өзін сынап көріп, қалаған жұмыс орнын таңдай алады. Менің жағдайымда, әр кәсіпорын HR-ге қажет дағдыларды қалыптастыруға өз үлесін қосады. ҮМЗ-дағы менің тәлімгерім – персонал жөніндегі директор Денисова Елена Эдуардовна.

– Неліктен ҮМЗ?

– Біріншіден, ҮМЗ – бай тарихы мен өзіндік ерекшелігі бар холдинг ішіндегі өзіндік автономия. Зауыт бұрыннан бар және бір кездері Орта машина жасау министрлігінің құрамына кірген. Екіншіден, масштаб. 4000 адамнан тұратын мұндай қызметкерлер саны бірде-бір ЕТҰ-да жоқ. Үшіншіден, бұл үш ірі өндірісі бар бірегей кәсіпорын. Шын мәнінде, үш бөлек зауыт, сонымен қатар қосалқы өндірістер және еншілес кәсіпорындар болуы керек. Мұның барлығы қалай жұмыс істейтінін, ішінен көріп, түсінгім келді. Тағы бір фактор – менің анам Өскеменнің тумасы, бұл жерде мен бос уақытымды бірге өткізетін адамдар бар, олар менің туыстарым мен достарым.

– Сіз зауыттағы жұмысқа қалай қарайсыз?

– Өте жақсы. Алған тәжірибем өте мол болды. Әріптестердің барлығы – кәсіпқойлар, әр түрлі адамдармен жұмыс істедім және бәрінен үйренерлік нәрсе бар.

– Бағдарлама аясында ҮМЗ үшін сіздің рөліңіз қандай болды?

– 2020 жылдың шілдесінде зауытта SAP ERP жүйесі енгізілді. Мен SAP HCM модулін оңтайландыру процесіне қатыстым. Біз жүйеде жұмыс істейтін мамандар арасындағы функцияларды бөлуге тырыстық, процестердің толық тізімін жасадық және олар үшін уақыт шығындарын есептедік. Сондай-ақ, мен жаңа қызметкерлерді бейімдеу саласында ҚҚБ-мен бірлесе отырып, кіріспе нұсқамаларды онлайн-форматқа көшіру жұмыстарына өз үлесімді қостым. Қазіргі уақытта мен жаңа қызметкерлерге арналған периметрден тыс зауыт аумағының картасын аяқтаудамын, бұл карта зауыт аумағында адаспай жүру үшін әзірленеді. Бұл карта жаңадан қабылданған қызметкердің жадынамасында болады.

– Үшінші ротацияға қайда баратыныңыз белгілі болды ма?

– Иә. Бұл «Инкай» БК. Бас кеңсесі Шымкент қаласында орналасқан. Мен кен орындарында жұмыс істейтін боламын.

– Аида, Жас ұрпаққа қандай кеңес берер едіңіз?

– Осындай бағдарламаларға қатысуға кеңес беремін. Олар сендерге құзыреттілікті дамытуға және кәсіби мақсаттарды анықтауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде мансапты дамытуға көмектеседі. ҮМЗ-ға жұмыс істеуге барудан қорықпауға кеңес беремін. Мұнда жоғары көтерілуіне мүмкіндік бар. Мен үнемі дамуды қолдаймын. Мұның бәрі өзімізге байланысты. Егер сен дамымасаң, онда жыл сайын өзіңді еңбек нарығында бағалы маман ретінде жоғалтасың. Зауытқа өркендеу тілеймін. Осындай бірегей кәсіпорында жұмыс істеуге мүмкіндігім болғанына қуаныштымын.

Самал Искакова