Жеңістерді тану белгісі

Биылғы жылы Үлбі металлургиялық зауытының ұжымына жоғары мемлекеттік награда – «Құрмет Белгісі» орденінің табыс етілгеніне 45 жыл толды.

«Құрмет Белгісі» ордені (1988 жылдан бастап Құрмет ордені) өндірістегі, ғылыми-зерттеудегі, мемлекеттік, әлеуметтік-мәдени, спорттағы және басқа да қоғамдық пайдалы қызметтегі жоғары жетістіктері, сонымен қатар азаматтық айбыны үшін марапаттауға бекітілген.

Мемлекет пен қоғам алдында сіңірген еңбегі үшін берілетін ордендердің маңыздылығы бойынша бесінші.

Ол 1976 жылы Юрий Мурин зауыттың басында тұрған кезде берілді. Потанин бастаған өзгерістерді Юрий Иванович жалғастырып қана қоймай, өзі де көп нәрсені жүзеге асырды. Жетістіктердің негізгілері – КСРО-дағы алғашқы ВВЭР-1000 реакторына (Нововоронеж АЭС үшін) отын, жоғары сыйымды тантал, қалайы және ниобий ұнтақтарына негізделген аса өткізгіш материалдар шығару. Сондай-ақ, электронды өнеркәсіп үшін арнайы бұйымдар мен бериллий оксиді керамикасы үшін металл бериллий өндірісі кеңейтілді. Зауыт ғылымы өркендеді, кәсіпорында құрылған технологиялар дамыды және өндіріске енгізілді, жаңа корпустар салынды.

Тоғызыншы бесжылдықтың міндеттерін табысты орындағаны үшін, өндіріс тиімділігі мен өнім сапасындағы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін осындай жоғары марапатты ҮМЗ-ға осыған орай келген Орта машина жасау министрі Ефим Славскийдің өзі табыстады.

Табыстау қарсаңында директордың кабинетіндегі есте қаларлық оқиғаны ҮМЗ-нің еңбек сіңірген қызметкері Светлана Мордвинова еске алды. Салтанатты түрде тапсыру ОМҮ– де жоспарланған болатын. Осыған орай белгілі вокалды-аспаптық ансамбль шақырылды.

– Әріптестер, ал концерт болады ма? – деп сұрады, өзінің көркемөнерпаздыққа деген сүйіспеншілігімен танымал Ефим Павлович.

– Әрине! – деген жауап келді.

– Көркемөнерпаздар байқауы ше?

– Жоқ, «Самоцветы» тобы, – деп «үлбіліктер» мақтанышпен жауап берді.

– Қандай, «Самоцветы»?

– Ефим Павлович, бұл енді маңызды оқиға емес пе! Сіз мұндай мерекелерге Подмосковье әртістерін шақырмайсыз ғой – деп, Славскийдің алдына жолдастары итермелеп шығарған Светлана Николаевна даусын солғындау шығарды (ол әлі де өзінің батыл жауабына таң қалады).

– Ал, жарайды-жарайды.

ОМҮ-де Ефим Павлович Юрий Муринге орденді тапсыра отырып, ҮМЗ ұжымын құттықтап, көптеген жылы сөздер айтты және концертке қатысты.

Марапаттау туралы бұйрық пен Құрмет ордені көрме-ақпарат орталығында сақталады.

Анна Чумина