Сәтті билет

Металлург күні мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның туған күніне орай 16 шілдеде зауытта мерекелік лотерея ойнатылды.

Зауыт тарихында алғаш рет іс-шара YouTube арнасында тікелей эфирде өткізілді! Металлург күніне арналған мерекелік лотерея жыл сайын өткізіледі, бірақ биыл оған ҮМЗ-нің барлық қызметкерлері қатысты.

Шарттар қарапайым болды. Зауыт қызметкерлерінің табельдік нөмірлері лотерея билеттерінің нөмірлері болды. Билеттерді шыны лототронға орналастырды.

Ұтыс ойынының адалдығы ешкімге күмән туғызбауы үшін құрамында кәсіподақ комитетінің төрағасы Алексей Феоктистов және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Ізбасар» жас мамандарды дамыту бағдарламасының қатысушысы Аида Алиева бақылау комиссиясы шақырылды.

Іс-шараға «NEW TONE» кавер-тобы мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жүргізушілердің басшылығымен ҮМЗ қызметкерлерінің балалары – кішкентай көмекшілер, барабанды айландырды және купондарды бірінен соң бірін алып шығып, олардың нөмірлерін айтып тұрды.

Барлығы 20 жүлде ойнатылды! Осы уақытта экранның екінші жағында зауыт жұмыскерлері нөмірдің жариялануын асыға күтті. Видео астындағы түсініктемелер бірде тоқтап, бірде әзілдер мен құттықтаулар жазылып әріптестерін құттыптап жатты.

Нәтижесінде Сергей Янков (УӨ), Павел Бережной (ЭО), Дарья Тохтарова (ТӨ) және Владимир Исакин (УӨ) 25 000 теңге сомасына MON AMI дүкені сертификаттарының иегерлері болды. 30 000 теңге сомасына MON AMI дүкені сертификаттарын Антон Долганов (УӨ), Андрей Кивин (ЭО) және Евгений Синютин (ТӨ) жеңіп алды. «Комфорт» сауда үйінің сертификаттарын 40 000 теңге – Александр Лисова (АШ) және Андрей Шипилов (ТӨ); 50 000 теңге – Валерий Ступаков (СО) және Ирина Мартыненко (АШ); 60 000 теңге – Наталья Дудко (ТКК) және Светлана Довгополова (ТӨ); 70 000 теңге – Оксана Старшова (ОА); 80 000 теңге – Александр Макаров (УӨ) алды. Осы дүкенге 100 000 теңге сомасындағы сертификаттарды Сергей Ошлоков (УӨ) және Сергей Ляпунов (ЭО); 200 000 теңгеге – Алексей Супроненко (БӨ); 250 000 теңгеге – Николай Коротков (ЭЦ) жеңіп алды.

Бас жүлде – 700 000 теңге тұратын алыс шетелге жолдамаға турагенттік сертификатының бақытты иегері ТӨ жұмыскері Александр Ганнов болды. Жүлделерді алу кезінде жұмыскерлер ұтыс ойыны үшін алғыс айтып, тосын қуаныштармен бөлісті. Біреулен жөндеуге ақша табылғанына қуанды. Біреу тосынсыйға таң қалды: сертификат әйелінің туған күніне дәл келгеніне қуанды.

Жеңімпаздар мен осындай әдемі мереке ұйымдастырған және зауыт жұмыскерлері өміріне аздаған қуаныш әкелген тұлғаларды шын жүректен құттықтаймыз!

Алексей Проскуряков