ҮМЗ Өскемен қаласының ауруханаларына COVID-19 сырқаттанған науқастарды емдеу үшін оттегін жеткізеді

Үлбі металлургиялық зауыты Өскемен қаласының COVID-19 сырқаттанған науқастарды емдейтін стационарлары бар үш медициналық мекемемен ынтымақтастықта жұмыс істейді. ҮМЗ азот-сутегі-оттегі станциясында медициналық сұйық оттегі өндіріледі, ол ауруханалардың оттегі станцияларын толтыру үшін жеткізіліп отырады.

Үлбі металлургиялық зауытында толтырылған цистерналы арнайы машина аурухананың оттегі станциясына жеткізіледі. Оттегін құюға көп уақыт жұмсалмайды және ерекше физикалық күшті қажет етпейді. Салыстыру үшін, бұрын ауруханалар жүздеген 70кг газ баллондарын тасымалдаумен және орнатумен айналысып келген. Қазір медициналық көмек көрсету сапасы едәуір жақсарды. Өйткені, қажет болған жағдайда редукторлар арқылы оттегінің берілуін реттеу мүмкіндігі бар.

Аурухана станцияларының әрқайсысында сұйық оттегі оттегі рампасындағы криогенді буландырғыштан өтіп, газ тәріздес күйге ауысады және тікелей желілер арқылы оттегімен демеуді қажет ететін науқастарға беріледі. Нәтижесінде COVID-19 диагнозы қойылған науқастарға жоғары сапалы медициналық оттегі үнемі қол жетімді болуда.

Соңғы уақытта оттегіне деген қажеттілік ондаған есе артты және қатты ауырып жатқан науқастардың басым бөлігіне үнемі өттегі қажет. Мысалы, №1 қалалық аурухана пациенттерінің оттегіне орташа тәуліктік қажеттілігі 40 адамға – 350-500 кг болса, №4 аурухананың қажеттілігі тәулігіне 2 тоннаны құрайды.

Сондықтан ҮМЗ азот-сутегі-оттегі станциясы 2021 жылдың басынан бастап Өскемен қаласының ауруханаларына сұйық оттегі жеткізу көлемін 2020 жылмен салыстырғанда 10 есеге арттырды. Өткен жылы 40 тонна жеткізілген болса ағымдағы жылда 400 тоннадан асатын мөлшерде жеткізілді. Тек тамыз айында 100 тонна оттегі өндіріліп отыр.

Константин Софищенко, бастықтың орынбасары – АСОС технологы:

– Біздің оттегін өндіру технологиямыз қоршаған ортаның ауа температурасына тікелей байланысты. Даладағы ауа тым ыстық болған сайын өнімділік азая түседі. Науқастарға оттегінің аса қажет екендігін түсінгендіктен біз оттегін өндіру қарқынын бәсеңдетпеуге тырысамыз. АСОС тәулік бойы жұмыс істеуде. Барлық басқа тапсырыстарды тоқтаттық, тек медициналық мекемелердің тапсырыстарын орындаудамыз. COVID-19 жағдайының алдағы уақытта қалай өрбитінін уақыт көрсетеді, дегенмен адамдар Үлбі металлургиялық зауытының адамдардың өмірін сақтап қалу үшін ауруханаларға оттегін жеткізіп беруді тоқтатпайтынына сенімді болсын.

• «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ – атом энергетикасы, электрондық, металлургия өнеркәсібі және басқа қызмет салаларының қажеттіліктері үшін уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндіретін әлемге танымал өндірушілердің бірі болып табылады. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп»Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.

• «Қазатомөнеркәсіп»Ұлттық атом компаниясы» АҚ табиғи уран өндіруде әлемдік көшбасшы және Қазақстан Республикасында уранның, сирек металдардың және атом электр станциялары үшін ядролық отынның импорты мен экспорты бойынша ұлттық оператор болып табылады. Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобына 20 000 астам адам жұмыс істейтін 37 кәсіпорын кіреді. Активтерге геологиялық барлаудан, уран өндіруден, ядролық отын циклы өнімдерін өндіруден бастап ғылымға, әлеуметтік қамтамасыз етуге және кадрлар даярлауға дейінгі түпкі өнім өндіру тізбегіне тартылған кәсіпорындардың барлық кешені кіреді.