"ҮЛБІ МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫ" АҚ
Атом энергетикасы, электронды және металлургиялық өнеркәсіп және басқа да қызмет облыстарының қажеттіліктеріне арналған уран, бериллий, тантал мен ниобий өнімдерін өндіруші. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. Болашаққа бізбен бірге!ЖАҢА ТӘУЕЛСІЗ ДИРЕКТОР – «ҮМЗ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
2021 жылғы 18 қарашада «ҮМЗ» АҚ барлық дауыс құқығын беретін акцияларды иеленуші жалғыз акционері Раимханов Абзал Түлепбергенұлын тәуелсіз директор – «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін мерзімге сайлау туралы шешім қабылдады («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің көзбе-көз отырысының 2021 жылғы 18 қарашадағы №14/21 хаттамасы).
Раимханов Абзал Түлепбергенұлы
1984 жылы туған
Білімі:
2001-2006 жж. – Қ.И. Сәтпаев ат. ҚазҰЗТУ инженер-машина құрастырушы, бакалавр;
2008-2009 жж. – Staffordshire University/APIIT технологияларды басқару магистрі;
2017-2019 жж. – MIT (АҚШ) ынтымақтастағы Asia School of Business бизнес-әкімшілдеу магистрі.
Еңбек қызметі:
2006-2007 жж. – «Алматыметрострой» АҚ инженері;
2009-2011 жж. – «Қазақстан Даму Банкі» АҚ менеджері, бас менеджер;
2011-2014 жж. – SNC-Lavalin INC ОА бизнесті дамыту жөніндегі директоры;
2014 ж. – «Базис А» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директоры;
2014-2015 жж. – РК TYPSA S.A. бойынша менеджер;
2015-2017 жж. – «Resmi Trade» ЖШС директоры;
2018 ж. -Petronas кеңесші;
2019-2020 жж. – Esquel Group Бас Директордың орынбасары;
2021 ж. ақпан – сәуір -Olive House маркетинг және сату жөніндегі кеңесші;
2021 ж. ақпан – осы уақытқа дейін -Asia School of Business + Massachusetts Institute of Technology профессордың ғылыми жұмыс жөніндегі көмекшісі;
2021 ж. ақпан – осы уақытқа дейін -ARnomad Consulting негізін қалаушы, басқарушы серіктес.
Біліктілігін арттыру туралы мәліметтер:
2020 ж. желтоқсан – Алты Сигма – University System of Georgia өндірісті басқару жөніндегі тұжырымдама;
2020 ж. желтоқсан – University of Illinois корпоративті стратегия;
2021 ж. қаңтар – University of Virginia сандық түрлендірулер.