Ғылым мен өндіріс – табысты үйлесім

Ғылыми орталықтың 70– жылдық жолы – бұл жеңістер мен жетістіктердің, жаңарту мен жаңалықтардың бүкіл энциклопедиясы. Зауыттың табысты қызметін біздің ғалым-зерттеушілерсіз елестету мүмкін емес.

Бүгінгі күні ҮМЗ және негізгі өндірістердің басшылығы ғылыми орталықтағы әріптестерін осындай айтулы мерейтоймен құттықтайды.

Владимир Вахненко, «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – бас инженері:

– ғылымды қажет ететін технологияның даму деңгейі кез келген кәсіпорынның экономикалық дамуы мен өндірістік әлеуетін тура сипаттайды. Егер біздің ғылыми орталық туралы айтатын болсақ, оның ҮМЗ үшін маңыздылығын бағалау өте қиын.

Мен өзім-ғылымнан шыққанмын. Менің ҮМЗ-дегі бірінші жылдарым уран зертханасында өтті. Көптеген мамандарды білемін, бірге жұмыс атқардық. Бүгінде ҒО ұжымын тәжірибелі, бастысы, ғылыми шыңдалған жетекші – Манарбек Калымұлы басқарады. ҒО ұжымы – жоғары кәсіпқой, тәжірибесі мол мамандар – біздің ғылым «сандықтары», олар өзінің құнды тәжірибесін жас мамандарға береді. Ғылыми орталық ең өршіл жоспарларды іске асыруға қабілетті, жаңа ғылыми-өндірістік жиектерді бағындыруда алғашқы ізашарлар.

Осындай керемет мерейтойда ҒО ұжымына зерттеулеріне сәттілік және серпінді жобалар тілеймін! Идеялары таусылмасын, армандары жарық жылдамдығымен орындалсын! Мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, адами бақыт, жанұялық жылулық, махаббат, береке және жетістіктер тілеймін!

Константин Кузьмин, уран өндірісінің директоры:

– Ғылыми орталықтың рөлі ҮМЗ үшін өте маңызды. ҒО-сыз қолданыстағы технологияларды жетілдіру және жаңа технологияларды енгізу мүмкін емес, яғни біздің кәсіпорнымыздың алға жылжуы да ҒО-мен байланысты. ҒО ұжымының құзыреті өте жоғары деңгейде, бұл өндіріспен бірге кез келген дерлік тапсырманы шешуге мүмкіндік береді. Мысалға, орталықтың мамандарымен бірлесіп өңдеу технологиялары әзірленді: табиғи уранның химиялық концентратын табиғи уранның тотық-шала тотығына, күрделі аршылатын құрамында уран бар концентраттар, жоғары байытылған уран; AFA 3G дизайнды таблеткаларды шығару. Сондай-ақ табетка өндірісін сертификаттау жүргізілді және аффинаждау жобасы үшін технологиялық регламент әзірленді.

ҒО бүкіл ұжымына – мықты денсаулық, бейбіт ашық аспан, туған кәсіпорнымыздың жарқын болашағы үшін жаңа идеяларды іске асыру және өндірістермен бірігіп жемісті жұмыс атқаруды тілеймін!

Евгений Франц, бериллий өндірісінің директоры:

– Ғылыми орталық өндірістің қалыпты дамуына өте қажет. Ондаған жылдан астам ғылым мен өндірістің біріге жұмыс істеуі бұған дәлел. БӨ барлық дерлік маңызды жұмыстарды ҒО -мен бірлесіп атқарады. КСРО тарағаннан кейін одақтық ғылыми-зерттеу институттары ҮМЗ мүддесіне бағытталған бериллий жобаларын тәмамдады. Біздің зауыттық ғылымға бірден тап болған мәселелерді жалғыз шешуге тура келді. Ең жедел тапсырма жаңа алаңдарда бериллий ұнтақтарының технологиясын және өндірісін қалпына келтіру болды. Қысқа мерзімде ұнтақтарды алудың жаңа технологиялық тізбесі (былай айтқанда «құрғақ» сызба) жобаланды, дайындалды және орнатылды. Бұл жұмыста бериллий зертханасының бастығы Фарит Туганбаевтың ұйымдастырушылық дарыны ерекше байқалды, ол артынан Қазақстан теңге сарайын құруға қатысып, табысты басшылық етті. 2000 жылдардың басында біздің ғалымдар БӨ қалпына келтіруге белсенді көмектесті, бұл жұмыста Татьяна Мороздың, Игорь Леваневскийдің, Вера Рыбакованың, Вадим Кенигтің қосқан үлестері өте зор. Сондай-ақ жаңа өндірістерді құруға қатысты: карботермиялық мыс-берилийлі лигатура және берилий қоласы. Осы жобалардың барлығында бериллий бойынша әлемдегі беделді сарапшылардың ондығына кірген Валерий Савчуктың еңбегі барлығымыздың есімізде. Бірлесе атқарға жұмыстардың ішіндегі ең елеулісі – «Вайтинг» карботермиялық пешін футерлеу кезінде қолданылатын импортты материалдарды Қазақстанда және Ресейде шығарылатын материалдарға толық ауыстыру. Бұл өз кезегінде футерлеу жинағы бағасының бірнеше есе төмендеуіне септігін тигізді. Сондай-ақ ҮМЗ және БӨ беделі үшін титанның бериллидінен (TiBe12) ірі өлшемді дайындамалар мен бұйымдарды алу технологиясын әзірлеу үрдісі де маңызды. Диаметрі 150 мм артық және биіктігі 200 мм артық, тығыздығы теориялық шамадан 98% құраған дайындамалар шығарылды. Қол жетімді ақпарат көздерінде әлемде осындай өлшемді титанның бериллидінен жасалған бұйымдардың өндірісі туралы деректер жоқ.

ҒО жұмыскерлерін зауыттық ғылымның 70-жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа табысты жобалар, ғылыми-техникалық қордың және ғылыми-тәжірибелік әлеуеттің дамуын тілеймін! Сіздерге және жанұяларыңызға еңбектеріңізде табыс, зор денсаулық!

Александр Ангилевко, тантал өндірісінің директоры:

– Өткен жылдары ҒО мамандарымен бірге тантал, ниобийден және олардың қосылыстарынан жасалған өнімдерді (жоғары тазалықты құймалар – 99,999% масс. дейін, илемдер, сымдар, шыбықшалар, тозаңдату нысаналары, жентектеу табандары және т. б.) шығару технологиясын әзірлеу және қолданысқа енгізу бойынша зор жұмыс атқарылды. ТӨ үшін «Токамак» термоядролық синтез зерттеу құрылғысы үшін жоғары өткізгішті сымдардың өндірісі, дөңгелек және тегіс сымдарды дайындау, «Шапшаң жинақтағыш кешен» ірі жобасы үшін гальваникалық шиналарды шығару маңызды кезең болды.

Екі бірлескен жұмыс атап өтіліп, В.П. Потанин атындағы сыйлықақы иегері атанды. Бұл «Ниобийдің дербес құймаларын шығару технологиясын әзірлеу және құру» және «Үздіксіз жұмыс істейтін кристаллизаторларда үздіксіз шөгу технологиясы бойынша калийдің фтортанталатын алу».

Бүгінгі уақыт-ақша деген заманда, тұтынушылардың сұраныстары мен қойылған тапсырмаларға шапшаң әрекет ететін ҒО қызметкерлері мен басшылығының жеделдігін атап өту маңызды.

Ғылыми орталықты 70-жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! Келешекте жемісті де табысты ынтымақтастыққа сеніммен қарай отырып, ұжымға батыл идеялар, жасампаз ойларды және олардың барлығын ойдағыдай іске асыруды тілейміз!

Борис Кокшаров, тау-кен байыту кешенінің инженер-технологы:

– ҒО-мен өзара әрекеттесу өндірістің даму келешегін болжауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні ҒО тантал зертханасы ТБК-да «БФ ағындарын кешенді талдау. Бегіленген ТЭК сақтай отырып, флюоритті неғұрлым толық өндіру есебінен құрамындағы флюориттің мөлшері 35-37% шикізатты өңдеу мақсатында флотацияның тиімділік жолдарын анықтау» жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба 2023 жылы фабрикада басталатын флотациялық қайта балқытуды жаңартудың техникалық регламентіне негіздеме болады.

ҒО инженерлері тантал шикізатын химиялық талдау және ұнтақтардың дәлдік қасиетін анықтау ҒЗЖ бастап көлемді де күрделі тау-кен байыту өндірісіне дейінгі түрлі тапсырмаларды шешуде жоғары білгірлік пен кәсіпқойлықты көрсетеді.

Ғылыми орталыққа біздің кәсіпорнымыздың келешегін құруда жаңа жетістіктер тілейміз, әріптестеріме денсаулық, әл-ауқат және көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!

Разия Сертаева