ЕҢ ҮЗДІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ

Үлбі металлургиялық зауыты «Ceнiм-2022» республикалық конкурста «Ең үздік еңбекті қорғау қызметі» номинациясында 1 орынды иеленді.

«Ceнiм» – республиканың жұмыс берушілері арасында еңбекті қорғау саласындағы кәсіпқойларға арналған Қазақстандағы дара конкурс. Бұл конкурсты жыл сайын Халықаралық қаржылық -экономикалық даму орталығы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен біріге Кәсіподақтар федерациясының қолдауымен өткізеді.

«Ceнiм-2022» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау 26 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында KIOSH-2022 Х халықаралық еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік конференциясы және көрмесі шеңберінде өтті. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, KIOSH-2022 мемлекеттік органдардың, салалық ассоциациялардың, одақтардың және бизнес субъектілерінің мүдделерін біріктіретін тиімді келіссөз алаңы болып табылады.

Конкурсқа ұсынған ҮМЗ таныстырылымы зауыттың еңбекті қорғау саласындағы бүкіл жұмысын сипаттады. Негізгі мақсат – нөлдік жарақаттану – кәсіпорында өндірістік қауіпсіздік бойынша әлемнің ең озық тәжірибелерін енгізуге жауап береді. Бұл Vision Zero 7 «алтын қағидасы», «ҮМЗ» АҚ Өндірістік қауіпсіздік кодексі, өндірістік қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін жұмыскерлерді уәждеу және көтермелеу жүйесі, «Нөлдік төзімділік» тұжырымдамасы, қауіпті іс-қимылды, қауіпті жағдайларды тіркеу жүйесі, салдарсыз оқиғалар мен жүргізілген қауіпсіздіктің тәртіптік аудиттері, LoTo жүйесі (энергияның қауіпті көздерін оқшаулау), оқу класының жұмысы.

Сондай-ақ таныстырылымда ақпараттық технологиялар орталығы, өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директордың қызметі және зауыттың басқа бөлімшелерінің біріктірілген күшімен әзірленген «Өндірістік қауіпсіздікті басқару» бағдарламалық кешені («ӨҚБ» БК) ұсынылды. Бағдарлама салдарсыз қауіпті іс-әрекетті, қауіпті жағдайларды және оқиғаларды тіркеуге, жіктеуге және талдауға мүмкіндік береді. «ӨҚБ» БК үнемі жөнге келтіріледі және жетілдіріледі.

Евгений Чумин, өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директор:

– Мұндай беделді конкурсқа біз бірінші рет қатыстық. Және бірден жеңімпаз атандық! Мен бүкіл зауыт жұмыскерлерін осы марапатпен құттықтаймын және біздің ортақ мақсатымыз – нөлдік жарақаттануға жетудегі жұмысқа қосқан үлестеріңіз үшін әрқайсысыңызға алғыс айтамын!