ҮМЗ ең үздік рационализаторлары!

Үлбі металлургиялық зауытында жыл сайынғы «ҮМЗ» АҚ Рационализаторы» конкурсының қорытындылары шығарылды. Комиссия 2021 жылы енгізілген ұсыныстарды қарастырды.

Рационализаторлық қызметтің мәні кез келген қызметкер техникалық не ұйымдастырушылық процесте кемшілік анықтаса, осы мәселені шешу бойынша ұсыныстар бере алуында. Рационализаторлық ұсынысты енгізу кәсіпорынның қызметіне оң әсерін тигізетін тиімділікті тудырады. Пайдалы тиімділігінен басқа, рационализаторлық ұсыныстардың экономикалық пайдасы болуы да мүмкін.

Ұсыныстардың авторларына рационализаторлық ұсынысты пайдалану көлемі, маңыздылығы және пайдалылығына қарай есептелетін сома бойынша сыйақы төленеді.

«ҮМЗ» АҚ өндірістік инновация жүйесі рационализаторлықтың негізгі қағидатына негізделген – «рационализаторлық рационалдыға зиян тигізбеуі керек».

2021 жылы 71 рационализаторлық ұсыныс енгізілді. Конкурс үш номинация бойынша өткізілді: «Жылдың үздік рационализаторлық ұсынысы», «Жылдың ең бірегей рационализаторлық ұсынысы» және «Бөлімшеде ең үздік рационализаторлықты қолдау жүйесі».

Комиссия шешімі бойынша бірінші номинация бойынша негізгі өндірістер тобында «Н-300Б центрифуга шнегінің тірек түйінін қалпына келтіру» рационализаторлық ұсынысы жеңді. Авторлары – уран өндірісінің жұмыскерлері – Евгений Ковтун, Владимир Антропов және Александр Шушаников.

Осы номинацияда қосалқы өндіріс тобынан жеңімпаз атанған «№116 электр тарату желісін жұмысқа енгізумен «ҮМЗ» АҚ энергиямен қамтудың сыртқы сызбасын өзгерту» рационализаторлық ұсынысы. Бұл ұсынысты ТДДҚ жұмыскерлері: Андрей Выходцев, Адилжан Оржанов, Евгений Ефимов ұсынды.

«Жылдың ең бірегей рационализаторлық ұсынысы» номинциясында екі рационализаторлық ұсыныс жеңді: «Ферроқорытпаны құюға арналған құймақалыпты футирлеу үшін электрдоғалы кессондалған кентермиялық пештен (ККТП) шыққан ША-1 шамот кірпішін пайдалану» (авторлары: Евгений Соколов және Иван Лысяк (БӨ) және «AVX фирмасы үшін С-34373-01 Т8 сызбасы бойынша қалыптау үшін өтеуіш төлкені қолдану арқылы тантал табандықтарын шығару технологиясын өзгерту» (авторлары: Николай Лебедев және Николай Горохов (ТӨ).

«Бөлімшеде ең үздік рационализаторлықты қолдау жүйесі» номинациясында жеңімпаз ретінде уран өндірісі танылды (директор – Константин Кузьмин, рационализаторлық және өнертабысқа уәкілеттілер– Владимир Панфилов және Вячеслав Абубакиров).

Жеңген рационализаторлық ұсыныстардың барлық авторларына өндірісті тұрақты жақсарту процесіне белсенді қатысқаны үшін ақшалай сыйақы төлеумен алғыс жарияланды.

Самал Искакова