Қазатомөнеркәсібінің ең үздік рационализаторлары!

Рационализация – тек миға жаттығу емес, бұл әркімге қол жетімді өмір дәстүрі.

«ҮМЗ» АҚ – Қазатомөнеркәсіп ЕТҰ жұмыскерлері арасында рационализаторлық бойынша жыл сайынғы конкурстың тұрақты қатысушысы. Іс-шараның мақсаты – рационализаторлық қызметті дәріптеу, жұмыскерлердің шығармашылық белсенділігін арттыру, рационализаторлықтың дамуына уәждеу және қолдау.

Рационализаторлық ұсыныстар өнертабыспен бірге өндірістік процестерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Бұл қызметкерлерге «техникалық шығармашылықтың» жемісін көруге мүмкіндік береді. Әзірленген ұсыныстар ұйымдастырушылық және техникалық шешімдерді жетілдіруде, жабдықтарды және технологиялық процестерді жаңартуға септігін тигізді, өндірістің нақты жағдайлары жақсаруда.

Өткен жылдар секілді де, 2021 жыл «ҮМЗ» АҚ үшін ерекше болды, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК сараптық комиссиясының қарастыру қорытындысы бойынша зауыт атынан бериллий және тантал өндірістерінің ұсыныстары жеңімпаз атанды.

– «Техникалық бериллий гидроксидін алудың технологиялық процесіне қатысатын конденсаттың, қыздырғыш будың көлемін арттыру тәсілі» – «Green Mindset – Жасыл ой» бастамасы шеңберінде ең үздік рационализаторлық ұсыныс» номинациясында 1 орын. Авторлар Евгений Соколовқа, Виталий Никитинге, Иван Лысякқа және Александр Кирилловқа (БӨ) 500 000 теңге мөлшерде бір ретті сыйақы төленді.

– «Лигатура құймасына таңбалауды түсіру үшін Linx 5900 тамшыағынды принтерді және таспалы конвейерді қолдану» – «Өндірістегі ең үздік цифрлық шешім» номинациясында 2 орын. Дмитрий Андреев және Александр Свериденкоға (БӨ) 300 000 теңге мөлшерде бір ретті сыйақы төленді.

– «Тікелей электронды-сәулелік қайта балқыту қолдану арқылы конденсаторлық ұнтақтардың металлургиялық өндіріс айналымының қайта өңдеу технологиясын өзгерту» – «Әлеуметтік не өзге тиімділік тудыратын ең үздік рационализаторлық ұсыныс» номинациясында 2 орын. Авторлары Алексей Алексеев, Владислав Раловец, Денис Москвичев және Виктор Яворовский (ТӨ) 300 000 теңге мөлшерде сыйақыға ие болды.

Татьяна Сизикова, ҒТАжПЛЖБ бастығы, Самал Искакова