• Атом энергетикасы, электронды және металлургиялық өнеркәсіп және басқа да қызмет облыстарының қажеттіліктеріне арналған уран, бериллий, тантал мен ниобий өнімдерін өндіруші. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. Болашаққа бізден бірге!
  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Уран өндірісі – бұл атом электрстанцияларына арналған уран отынын өндіретін әлемдегі бірегей және ірі кешендердің бірі, ядролық саладағы жұмыс тәжірибесі де мол болып табылады. Болашаққа бізден бірге!
  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ бериллий өндірісі әлемдегі кен концентратын қайта өңдеуден сапалық параметрге бағыттап, дайын өнім түріне дейін шығаратын толық өндірістік циклі бар үш кәсіпорынның бірі. Болашаққа бізден бірге!
  • "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ тантал өндірісі ТМД аумағында жеке және әлемде тантал қосылған шикізатты қайта өңдеуден дайын өнім алуға дейін толық өндірістік циклі бар аса ірі кәсіпорындардың қатарына жатады. Болашаққа бізден бірге!

Ғылым және технологиялар бойынша эксперт

ЛЕВАНЕВСКИЙ ИГОРЬ ОЛЕГОВИЧЛЕВАНЕВСКИЙ ИГОРЬ ОЛЕГОВИЧ

ЛЕВАНЕВСКИЙ ИГОРЬ ОЛЕГОВИЧ 1976 жылы Томск политехникалық институтының химия-технология факультетін радиациялық химия мамандығы бойынша аяқтаған соң, ТПИ ХТФ БЗТ және РХ кафедрасының аға инженері болып жұмысқа қабылданды.    

Үлбі металлургиялық зауытындағы еңбек қызметін ОҒЗЗ инженер-зерттеушісі ретінде 1978 жылы бастады. Одан кейінгі жылдары ОҒЗЗ ядролық отын өндірісі жөніндегі аға инженер-зерттеушісі, сорбенттер мен катализаторлар өндірісі тобының жетекшісі, ОҒЗЗ бастығының орынбасары, ОҒЗЗ бериллий металлургиясы және химиясы тобының жетекшісі болып жұмыс істеді. 2006 жылы ОҒЗЗ инновациялық технологиялар және жобалар зертханасының бастығы лауазымына тағайындалды. 2008 жылдан бастап ОҒЗЗ бастығының технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды. 29 өнертабыстың, 24 рационализаторлық ұсыныстың және ҒЗЖ туралы мақалалар мен есептер түріндегі 30-дан астам жарияланымның серіктес авторы, салалық, кеңестік, республикалық және халықаралық ғылыми-техникалық конференциялар мен семинарлардың қатысушысы болып табылады.  
Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен әзірленді және өндіріске енгізілді:

  • Жоғары байытылған ураннан (U235 бойынша 90%) UBe13 интерметаллидтің негізінде ядролық отын өндіру технологиясы;
  • ВВЭР-1000 және РБМК-1000 реакторлары үшін уран-гадолиний отынын қоса ядролық отын өндіру технологиясы;
  • Медициналық мақсаттағы көміртек-минералды сорбенттер өндіру технологиясы;
  • Аммиак пен мұнай өңдеу синтезі өндірістеріне арналған 8 типті катализаторлар өндіру технологиясы; 
  • Стехиометриялық тантал карбидін өндіру технологиясы; 
  • Құрамында фтор бар шикізаттан бериллий гидроксидін өндіру технологиясы;
  • Бериллий оксидін карботермиялық қалпына келтіру әдісімен мыс-бериллийлі лигатураны өндіру технологиясы;
  • Аса таза кварц өндіру технологиясы;
  • Радиоактивті монацитті шикізаттан және уран өндірісінің техногенді қалдықтарынан сирекжер элементтерді өндіру технологиясы;

Фторгипсті құрылыс материалдарына қайта өңдеу технологиясы.

 

Бет өзгертілді: 12-03-2019