KK RU EN
Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Ғылыми орталық

«ҮМЗ» АҚ «Ғылыми орталығы ҒО» (2017 жылға дейін – Орталық ғылыми-зерттеу зертханасы ОҒЗЗ) 1952 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы атом өнеркәсібі кәсіпорындарының ғылыми, техникалық, технологиялық міндеттерін, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу үшін құрылған.

Мақсаттары:

  • «ҮМЗ» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің жоғары дәрежесін қамтамасыз ету үшін уран, тантал, ниобий мен бериллийді өндіру және қайта өңдеу саласындағы қызметке ғылыми-техникалық қолдау көрсету;
  • Еліміз үшін ғылыми-техникалық дамудың басымды салалары – ядролық технология, нанотехнология, ғарыштық технология, қоршаған ортаны қорғаудың заманауи технологияларында жаңа материалдар мен технологияларды әзірлеу;
  • «ҮМЗ» АҚ үшін дәстүрлі металдардың негізіндегі жоғары технологиялық өнімнің жаңа ғылымды қажет ететін өндірістерінің, минералды және техногендік шикізаттан

СМ және СЖЭ, сонымен қатар Қазақстанның минералды-шикізаттық базасының ресурстарын ұтымды пайдалану технологияларын әзірлеу және бизнес негіздемелерін құру.  

Ғылыми орталық өз қызметін Қазақстанның дамуындағы атом өнеркәсібінің ғылыми-техникалық әлеуетін толыққанды пайдалану үшін «ҮМЗ» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұзақ мерзімді келешекте стратегиялық дамытудың басымды бағыттарын басшылыққа ала отырып іске асырады.

«ҮМЗ» АҚ Ғылыми орталығында заманауи материалдық-техникалық база және біліктілігі жоғары қызметкерлер бар. ҒО құрамына үш бейінді зертхана кіреді:

 

Басқару

Кылышканов Манарбек Калымович
Ғылыми орталықтың бастығы
Подойников Михаил Александрович
Ғылыми орталық бастығының орынбасары

Жаңарту күні: 30.12.2024