KK RU EN
Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Өнім

«ҮМЗ» АҚ құрамына ірі металлургиялық өндірістер – уран, бериллий және тантал, сондай-ақ қосалқы бөлімшелердің дамыған инфрақұрылымы кіреді.
Атом электрстанциялары үшін уран отынының компоненттерін өндіруші уран өндірісі болып келеді. Уран өндірісінің өнімдері (уран диоксиді ұнтағы және отын таблеткалары) әлемдегі ең ірі отын өндірушілерде сертификатталған. Солтүстік Америка, Еуропа және Азия елдеріне жеткізіледі. 
Бериллийдің кен концентраттарын өңдеуден бастап бериллий мен оның қосылыстарының негізінде өнімнің кең түржинағын шығаруға дейін толық цикл бойынша қызмет ететін «ҮМЗ» АҚ бериллий өндірісі де бірегей болып табылады. Дайын өнім Еуропалық Одақ және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық елдеріне, Түркияға, АҚШ-қа, ҚХР және Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдеріне сатылады.
ТМД аумағындағы жалғыз және әлемдегі ең ірі төрт зауыттың бірі, ол - зауыттың тантал өндірісі. Бұл жерде шикізатты өңдеуден бастап берілген сапа параметрлері бар дайын тантал-ниобий өнімдерін алуға дейінгі толық өндірістік циклі бар. ҮМЗ тантал өндірісінің серіктестері қатарында АҚШ, Ресей, Франция, Германия және Жапонияның компаниялары бар.
Кәсіпорынның қызметіне энергетикалық, сервис орталықтары, автокөлік және қойма шаруашылықтары секілді қосалқы өндірістер де өз үлесін қосуда. «ҮМЗ» АҚ шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ғылыми және сынау орталықтары, Үлбі жобалау-конструкторлық институты (ҮЖКИ) және ақпараттық технологиялар орталығы (АТО) ұсынған заманауи ғылыми-техникалық базасы септігін тигізеді.
 «ҮМЗ» АҚ еншілес кәсіпорны «МАШЗАВОД» ЖШС-ның  көміртекті, тот баспайтын және ыстыққа төзімді болаттар мен қорытпалардан, сондай-ақ атом, тау-кен, өңдеу, химия және мұнай-газ өнеркәсібіне арналған полимерлі материалдардан күрделі жоғары дәлдіктегі жабдықтарды өндіруде үлкен тәжірибесі бар.
Сондай-ақ зауытта ірі инвестициялық жоба – «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС. Жылына қуаттылығы 200 тонна жылу бөлетін құрамалар (ЖБҚ) өндірісі» жүзеге асырылған. Осы өндірістің арқасында тәуелсіз Қазақстан тарихында алғашқы рет өнеркәсіптік жылу бөлетін құрамалар дайындалады! Жоба отын таблеткаларын дайындау бойынша ҮМЗ қуаттарын жүктеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ жұмыс орындарының санын және бюджеттік аударымдарды ұлғайтты. Жылу бөлетін құрамалар - Қытай атом электр станциялары үшін экспорттық өнімдер.
Көптеген жетістіктерге қарамастан, кәсіпорын тұрақты даму және корпоративтік мәдениет қағидаттарын басшылыққа ала отырып, одан әрі жетілдіруге ұмтылады.


Жаңарту күні: 18.12.2024