Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Ядролық керамикалық сұрыптағы уран диоксиді ұнтақтары

 

«ҮМЗ» АҚ-ның Уран өндірісінде қолданатын уран диоксиді ұнтағын өндірудің бірегей технологиясы, сондай-ақ уран диоксиді ұнтағын дайындаудағы мол тәжірибе - химиялық және физикалық қасиеттері әртүрлі, Тапсырыс берушінің ең жоғары және қатаң талаптарына толықтай сәйкес келетін өнім шығаруға мүмкіндік береді.  

«ҮМЗ» АҚ Уран өндірісінде шығарылатын уран диоксидінің ұнтақтары General Electric (АҚШ, Жапония), WSE (Швеция), NFI (Жапония) сияқты компанияларда сертификатталған. Уран диоксидінің ұнтағы әлемнің түкпір-түкпіріндегі АЭС-ке арналған отын өндіру зауыттарына жеткізіледі.

Уран өндірісінде қолданаылатын технология құрамында уран бар материалдардың кең спектрін қайта өңдеу арқылы 235U бойынша 5 %-ға дейін байытылған керамикалық сұрыпты уран диоксиді ұнтағын өндіруге мүмкіндік береді, оның ішінде:     

  • уран гексафториді;
  • уран оксиді;
  • қалпына келтірілген уран;
  • зерттеу құрамаларының ЖБЭ және т.б. материалы;
  • химиялық құрамы күрделі, әр түрлі отын өндірісінің қалдықтары.

 

Өнімді сату сұрақтары бойынша Уран өндірісінің маркетинг бөліміне хабарласуға болады:
Е-mail: Marketing_U@ulba.kz
телефон: +7 (7232) 29-86-05


Жаңарту күні: 12.12.2025