KK RU EN
Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

ҚОМЖ және ДҚжЕҚҚМЖ талаптары

«ҮМЗ» АҚ аумағында жұмыс істейтін ұйымдарға қойылатын ҚОМЖ және ДҚжЕҚҚМЖ талаптары

«ҮМЗ» АҚ-да әзірленді, енгізілді, пайдалануда және қолданыстық күйінде сақталуда: 

  • ИСО 45001 «Денсаулық сақтау менеджменті және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі. Талаптар және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулық»  халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі (ҚОМЖжДҚжЕҚҚМЖ).    
  • ИСО 14001 «Экологиялық менеджмент жүйесі. Талаптар және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулық» .халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін қоршаған орта менеджменті жүйесі (ҚОМЖ).  

«ҮМЗ» АҚ-да «ҮМЗ» АҚ басшылығының саясаты» әзірленді.

«ҮМЗ» АҚ аумағында жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері келесі талаптарды орындауға міндетті:

  • барлық жұмыстарды ҚР еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізу;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жалпы зауыттық нұсқаулықтың талаптарын сақтау;
  • Тапсырыс берушіге ұсынылған бекітілген жобалық-конструкторлық құжаттама бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде «Қоршаған ортаны қорғау» және «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» бөлімдерінің талаптарын мүлтіксіз орындау;
  • бериллий өндірісінің өндірістік корпустарында жұмыстарды орындаумен айналысатын мердігер ұйымдардың қызметкерлері үшін бериллий өндірісінің жұмыскерлеріне арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жалпы нұсқаулықтың талаптарын сақтау;
  • ядролық және радиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтау;
  • құрылыс қалдықтары мен басқа да қоқыстарды осы үшін арнайы бөлінген орындарға жинау және орналастыру;
  • жанар-жағармай, лак-бояу және өзге де қауіпті және зиянды химиялық заттардың төгілуіне, ағып кетуіне және ағуына жол бермеу; 
  • жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайлар мен аумақты тазалауды жүргізу;
  • энергия ресурстары мен суды үнемді пайдалану;
  • мұнай өнімдерін және құрамында ластаушы заттар бар басқа да сұйық қалдықтарды жерге және нөсерлі кәріз құдықтарына төгілуіне жол бермеу; 
  • жүргізілетін жұмыстар процесінде пайда болған жанар-жағармай, лак-бояу және өзге де зиянды химиялық заттар, құрамында ластаушы заттар бар сұйық қалдықтар, қатты қалдықтар және басқа да қоқыстар байқаусызда топыраққа, нөсерлік ағындарға, тротуарларға, жолдар мен үй-жайларға түскен жағдайда оларды тазалау;
  • техникалық тексеруден өткен жарамды автотракторлық техниканы (автомобильдер, тракторлар, тиегіштер, компрессорлар және басқа да механизмдер) пайдалану;
  • «ҮМЗ» АҚ-да қолданылатын еңбек тәртібі ережелерін сақтау.


Жаңарту күні: 09.01.2025