Қоғамның Басқармасы Қоғамның алқалық атқару органы болып табылады.
Қоғамның Басқармасы Қоғам қызметiн ағымды басқаруды іске асырады және заңнама мен Қоғам Жарғысында Қоғамның басқа органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыретiне жатқызылмаған қызметтің кез келген мәселелері бойынша заңнама мен Қоғам Жарғысына сәйкес шешiм қабылдауға құқылы. Қоғам Басқармасын Қоғамның Басқарма Төрағасы басқарады.
Қоғамның Басқарма Төрағасы Басқарма қызметін ұйымдастырады, Басқарма мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттіктер мен жауапкершілік аясын бөледі, Басқарманың негізделген және тиімді шешімдерді қабылдауын қамтамасыз етеді, Басқарма отырыстарында төрағалық жасайды, Басқарма шешімдеріне қол қояды, Қоғам Жарғысы мен Басқарма туралы қағидада көзделген басқа да мәселелерді шешеді.
Қоғамның Басқарма мүшелеріне қызметтік функционалдық бағыттары бойынша еңбегіне ақы төлеу ҚР Еңбек кодексіне, Қоғам Жарғысына және Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес іске асырылады. Басқарма мүшелеріне Қоғамның атқару органындағы жұмысы үшін қосымша сыйақы көзделмеген.
«ҮМЗ» АҚ Басқармасының құрамы
Бежецкий Сергей Владимирович
«ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы
Вахненко Владимир Витальевич
«ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – бас инженер
Чеботарёва Людмила Анатольевна
«ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
Даулбаев Самрат Қайзуллаұлы
«ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары
Ержанов Талғат Бақытұлы
«ҮМЗ» АҚ Маркетинг жөніндегі басқарушы директор –маркетинг және өнім-маркетингтік стратегия орталығының директоры
Кузьмин Константин Александрович
"ҮМЗ" АҚ Уран өндірісінің директоры»
Басқарма
Бежецкий Сергей Владимирович
«ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы
He was born in 1969. In 1994, he graduated from Tomsk Polytechnic Institute with specialization in Nuclear and Chemical Technology. In 2009, he graduated from Moscow State University – Higher School of Economics with specialization in General Strategic Management, МВА. Since 1994, he has been working at Ulba Metallurgical Plant JSC; From 1994 through 2004 - Operator of the 6th category, Shop “V”, Shift Foreman in Shop “V”, Process Engineer – Powder Production – Shop “V”, Uranium Production Division, Deputy Shop Chief – Process Engineer of Shop “V”, Uranium Production Division; From 2004 through 2008 - Deputy Director – Uranium Production Division; From 2008 through 2018 – Director – Uranium Production Division; From 2018 through 2020 - First Deputy Executive Board Chairman – Chief Engineer, UMP JSC; Since September 2020 – Executive Board Chairman. Citizenship – the Republic of Kazakhstan.
Вахненко Владимир Витальевич
«ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – бас инженер
1975 жылы туған. 1997 жылы ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, ШҚТУ «Ұнтақты металлургия, композициялық материалдар және жабындар» мамандығын аяқтады.
1997 жылдан бастап 1999 жыл аралығында «ҮМЗ» АҚ Уран өндірісінің өндірістік ғылыми - зерттеу зертханасында инженер-зерттеуші болып жұмыс істеді;
1999 жылдан бастап 2005 жыл аралығында - «ҮМЗ» АҚ Уран өндірісі «Р» цехының ұнтақтарды өндіру жөніндегі бөлімше технологы;
2005 жылдан бастап 2008 жыл аралығында - «ҮМЗ» АҚ Уран өндірісі «Р» цехының ұнтақтар өндіру жөніндегі бөлімше бастығы;
2008 жылдан бастап 2015 жыл аралығында – «ҮМЗ» АҚ Уран өндірісі директорының орынбасары;
2015 жылдан бастап 2020 жыл аралығында – «Үлбі-ТВС» ЖШС Бас директоры;
2020 жылғы қарашадан бастап – «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары - бас инженер.Азаматтығы - ҚР.
Чеботарёва Людмила Анатольевна
«ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
1975 жылы туған. 1993 жылы Балқаш тау-кен-металлургиялық техникумын «Экономика және халық шаруашылығы салаларындағы жоспарлау» мамандығы бойынша аяқтады.
2000 жылы Карағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады. 2005 бастап 2010 аралығында «Бетпақ Дала» біріккен кәсіпорны» ЖШС-да жоспарлау-экономикалық бөлімінің экономисі, жоспарлау-экономикалық бөлімінің жетекші экономисі, жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы лауазымдарында еңбек етті; 2010 бастап 2015 аралығында - «Заречное» Қазақстан-Ресей-Қырғызстан біріккен кәсіпорны» АҚ-да жоспарлау-экономикалық бөлімінің бас менеджері, жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы; 2015 бастап 2018 аралығында – «Оңтүстік тау-кен-химиялық компаниясы» біріккен кәсіпорны» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары; 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап – «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. Азаматтығы – ҚР.
Даулбаев Самрат Қайзуллаұлы
«ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары
1965 жылы туған. 1988 жылы С.М. Киров атындағы Томск политехникалық институтын «Жоғары кернеулер техникасы» мамандығы бойынша аяқтады. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтады. 2004 бастап 2005 дейін – «Азия-Акмола» ЖШС зауыт директоры; 2005 бастап 2007 дейін – «Аргонавт-А» ЖШС директоры; 2007 бастап 2008 дейін – «Тера-Груп» ЖШС зауытының бас директоры; 2008 бастап 2016 дейін – «Интергаз Центральная Азия» АҚ бас директордың жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары, бас директор аппаратының басшысы; 2016 бастап 2017 дейін – «Батумский нефтяной терминал» ЖШҚ бас директордың бірінші орынбасары, бизнесті қолдау жөніндегі басқарушы директор; 2018 жылдың шілдесінен бастап – «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары. Азаматтығы – ҚР.
Ержанов Талғат Бақытұлы
«ҮМЗ» АҚ Маркетинг жөніндегі басқарушы директор –маркетинг және өнім-маркетингтік стратегия орталығының директоры
1984 жылы туған. 2005 жылы Астана қаласындағы Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы Прага қаласындағы Charles University in Prague-ді "International Economic and Political Studies"мамандығы бойынша бітірді. 2015 жылы Лондон қаласындағы University College London-ды (UCL) "Economics and Policy of Energy and Environment"мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылдан 2008 жылға дейін – "Ядролық технологиялар паркі" АҚ өкілдігінің маманы; 2009 жылдан 2011 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері; 2011 жылдан 2016 жылға дейін – "Самұрық-Қазына" АҚ Тау-кен металлургиялық активтерді басқару дирекциясының Бас сарапшысы»; 2016 жылдан 2019 жылға дейін – "Самұрық-Қазына» АҚ "Энергетика" секторының активтерді басқару дирекциясының аға менеджері»; 2019 жылдан 2020 жылға дейін – "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ Бизнесті дамыту және инвестициялар департаментінің директоры; 2021 жылғы қаңтардан бастап – "ҮМЗ"АҚ Маркетинг жөніндегі басқарушы директоры – маркетинг және өнім-маркетингтік стратегия орталығының директоры. Азаматтығы – ҚР.
Кузьмин Константин Александрович
"ҮМЗ" АҚ Уран өндірісінің директоры»
1976 жылы туған. 1999 жылы Өскемен қаласындағы «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін» «Түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша, 2014 жылы Өскемен қаласындағы «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін» «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылдан 2002 жылға дейін – "ҮМЗ" АҚ Уран өндірісі "В" цехының 6 разрядты аппаратшысы; 2002 жылдан 2004 жылға дейін – "ҮМЗ" АҚ Уран өндірісі "В" цехының ауысым шебері; 2004 жылдан 2009 жылға дейін – "ҮМЗ" АҚ Уран өндірісінің "В" цехының ұнтақтар өндіру бөлімшесінің технологы; 2009 жылдан 2017 жылға дейін – "ҮМЗ" АҚ Уран өндірісі "Р" цехының бастығы»; 2017 жылдан 2018 жылға дейін – "ҮМЗ" АҚ Уран өндірісі директорының орынбасары; 2018 жылғы желтоқсаннан бастап – "ҮМЗ"АҚ Уран өндірісінің директоры. Азаматтығы – ҚР.