Уран өндіру
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Уран өндірісі – бұл ядролық салада зор тәжірибесі бар атом электрстанцияларына арналған уран отынын өндіретін әлемдегі бірегей және ірі кешендердің бірі.
Көрсетілетін қызметтердің кең спектрі, икемді өндірістік және маркетингтік саясат, жоғары сапалы өнім Үлбі металлургиялық зауытының АЭС-ке арналған ядролық отынның әлемдік нарығына белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Қатаң мемлекеттік бақылау жағдайларында құрамында уран бар материалдарды қайта өңдеу нарығындағы жарты ғасырлық жұмыс тәжірибесі, біліктілігі аса жоғары персонал тұтынушылардың кез келген талаптарын қанағаттандыратын өнімді кепілдемелі өндіруге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның мамандары әзірлеген бірегей технология дәстүрлі шикізат түрлерін ғана емес, сонымен қатар құрамында уран бар қиын аршылатын материалдар: күл, ерімейтін, соның ішінде құрамында жанып кететін тұтқыштар бар шөгінділерді, сондай-ақ қалпына келтірілген шикізатты Тапсырыс берушінің спецификациясының ең жоғары талаптарына сәйкес келетін өнімге дейін қайта өңдеуді қамтамасыз етеді.
Озық технологияларды, автоматтандырылған басқаруды және заманауи технологиялық жабдықты пайдалану технологиялық процесті автоматты режимде жедел бақылауға және түзетуге мүмкіндік береді, адамның уран бар материалдармен және оларды қайта өңдеу өнімдерімен байланысын азайтады.
Қазіргі таңда «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Уран өндірісі әлемдік нарықта төмендегі өнімдер мен қызметтерді ұсына алады:
- табиғи уранның шала тотық-тотығы;
- ядролық керамикалық сұрыпты уран диоксидінің ұнтақтары;
- Framatome франциялық фирмасының PWR дизайнындағы реакторларға арналған AFA 3G типті отын таблеткалары;
- аршылуы қиын құрамында уран бар материалдарды қайта өңдеу бойынша қызметтер;
Уран өндірісінің өнімін сертификаттаудағы орасан зор тәжірибе барынша қысқа мерзім ішінде өнімнің жаңа түрін игеруге мүмкіндік береді, мұның өзі жаңа нарықтарды игеру мен бар және әлеуетті Тапсырыс берушілермен ынтымақтастықтың жаңа белестеріне қол жеткізу мүмкіндігін береді.
Табиғи уранның шала тотық-тотығы
«ҮМЗ» АҚ Уран өндірісінде қазақстандық кен орындарындағы уранның химиялық концентраттарын қайта өңдеу технологиясы әзірленді және енгізілді.
«ҮМЗ» АҚ-да алынатын шала тотық-тотықты тұтынушылары Ресей, Франция, Канада, АҚШ, ҚХР және Үндістанның алдыңғы қатарлы конверсиялау зауыттары болып табылады.
Ядролық керамикалық сұрыптағы уран диоксиді ұнтақтары
«ҮМЗ» АҚ Уран өндірісі қолданатын уран диоксидінің ұнтағын өндірудің бірегей технологиясы, сондай-ақ уран диоксиді ұнтағын жасаудағы орасан зор тәжірибе Тапсырыс берушінің алуан түрлі және қатаң талаптарын қанағаттандыратын химиялық және физикалық сипаттамалардың кең спектрімен өнімді өндіруге мүмкіндік береді.
«ҮМЗ» АҚ Уран өндірісі өндіретін уран диоксидінің ұнтақтары General Electric (АҚШ, Жапония), WSE (Швеция), NFI (Жапония) сияқты компанияларда сертификатталған. Уран диоксидінің ұнтақтары әлемнің түкпір-түкпіріне: АҚШ, Еуропа, Жапония мен Ресейге жеткізіледі.
Уран өндірісі қолданатын технология төмендегілерді қоса алғанда, құрамында уран бар материалдардың кең спектрін қайта өңдеу жолымен 235U бойынша 5 %-ға дейін байытылған керамикалық сұрыпты уран диоксиді ұнтағын өндіруге мүмкіндік береді:
- уран гексафториді;
- уран оксиді;
- қалпына келтірілген уран;
- зерттеу құрамаларының және ЖБЭЛ және т.б. материалы;
- әр түрлі күрделі химиялық құрамы бар отын өндірісінің айналымдары;
Отын таблеткалары
«ҮМЗ» АҚ Уран өндірісі құрамында уран бар материалдарды қайта өңдеу қызметтерінің көп түрін ұсына отырып, түрлі типтегі энергетикалық реакторларға арналған кермикалық ядролық отын таблеткаларын жасау бойынша кең мүмкіндіктерге ие.
Өндірілетін өнім – отын таблеткаларының сапасына ерекше назар бөлінеді, себебі оған ядролық реактордың қауіпсіз және сенімді жұмыс істеуі байланысты болады. Мықты ғылыми негіз, біліктілігі жоғары мамандардың және озық технологиялардың болуы Уран өндірісіне шығарылатын отын таблеткаларының сапасын ұдайы жетілдіріп отыруға мүмкіндік береді.
«ҮМЗ» АҚ Уран өндірісі 30 жыл бойында Ресейдің ВВЭР және РБМК реакторларына арналған отын таблеткаларының негізгі жеткізушілерінің бірі болып табылғаннан кейін және өзін жоғары сапалы өнімді өндіруші ретінде көрсеткеннен кейін, 2010 жылы «ҮМЗ» АҚ Уран өндірісі франциялық дизайндағы реакторлардың AFA 3G типті отынына арналған отын таблеткаларының жаңа түрін өндіруді игерді. Мұндай таблеткаларды өндіру Framatome (Франция) және CJNF (Қытай) компанияларымен сертификатталған. Бүгінде «ҮМЗ» АҚ Қытай АЭС үшін отын таблеткаларын жеткізуші болып табылады.
Құрамында уран бар қиын аршылатын материалдарды қайта өңдеу
235U бойынша 5 %-ға дейін байытылған керамикалық сұрыпты уран диоксиді ұнтағын алудың әмбебап технологиясы шикізат ретінде құрамында уран бар кез келген материалдар, соның ішінде ашылуы қиын материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.
«ҮМЗ» АҚ технологиялық сұлбасының басқа отын өндірушілердің технологиясынан негізгі айырмашылығы – бұл өндіріске тартылатын барлық уранды 100% аффинаждау болып табылады, мұның өзі пайдаланылатын шикізаттың түріне байланыссыз ең жоғары дәрежелі таза өнім алуға мүмкіндік береді. Алынатын уран диоксидінің ұнтақтары қоспалардың құрамы бойынша жетекші өндіруші фирмалардың спецификацияларының талаптарына сәйкес келеді.
Өндіріс технологиясы Тапсырыс берушінің спецификациясының жеке талаптарына сәйкес ұнтақтардың керамикалық сипаттамаларын басқаруға мүмкіндік береді және бастапқы материалдың түріне байланысты болмайды.
«ҮМЗ» АҚ GNF (АҚШ және Жапония), Cogema (Франция), Sogin (Италия), «ТВЭЛ» АҚ (Ресей), NFI (Жапония), WSE (Швеция), ENUSA (Испания) сияқты ядролық нарықтың осындай қатысушыларымен табысты ынтымақтастық тәжірибесіне ие.
Өнімді сату мәселелері бойынша Уран өндірісінің маркетинг бөліміне хабарласыңыз:
Е-mail: Marketing_U@ulba.kz
телефон: +7 (7232) 29-86-05
Жаңарту күні: 23.12.2024