KK RU EN
Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Шағымдарды беру және қарау

Мен қандай өтініш бере аламын?

Кез келген адам, егер де қандай да бір әрекет немесе жұмыс өзіне, тұратын елді мекеніне, мүлкіне, капиталына немесе қоршаған ортаның жай-күйіне теріс әсерін тигізеді деп есептесе, «ҮМЗ» АҚ хабарласа алады. Мұндай шағымдарға мыналарды жатқызуға болады:

  • жергілікті тұрғындарға жағымсыз әсерлер (шамадан тыс шу, көлік қозғалысы және басқа да мазасыздықтың түрлері);
  • жеке және қоғамдық меншікке зиян келтіру;
  • құрылыс немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қоршаған ортаға әсері;
  • кәсіпорын қызметкерлерінің және/немесе жергілікті тұрғындардың денсаулығына, қауіпсіздігіне және қорғалуына қауіп төндіретін қызмет түрлері немесе технологиялар.

«ҮМЗ» АҚ қалай байланысуға болады?

Кез келген адам Компанияға келесідей шағым бере алады:

  • Телефондар арқылы: 8(7232) 29-81-03, 29-81-63, 29-80-95
  • Электрондық мекенжайға: mail@ulba.kz
  • Қоса берілген шағым нысанын толтырып, оны келесі мекенжайға жіберу немесе қолма-қол тапсыру арқылы: 070005 ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 102, ЖжМОББ.

«ҮМЗ» АҚ менің өтінішімді қалай қарайды?

1-қадам: Қабылдауды растау: «ҮМЗ» АҚ сіздің көрсеткен мәселеңізді растау және мүмкіндігінше шешу туралы хабарлау үшін (егер өтініш анонимді болмаса) келесі мерзімдерде сізбен хабарласады:

  • дереу – ауызша шағым болған жағдайда;
  • келіп түскен сәттен бастап 3-тен 5 жұмыс күніне дейін – жазбаша шағымды алған кезде.
    Бұл растамада Сіздің өтінішіңіздің нөмірі, өтінішіңізді жүргізуге жауапты ҮМЗ қызметкері, сондай-ақ көрсетілген мәселені қараудың болжалды аяқталу күні (мүмкіндігінше) туралы ақпарат болады.

2-қадам: Қарау: «ҮМЗ» АҚ сіздің шағымыңызда көрсетілген мәселені тексеріп зерттейді. Мәселені зерттеу барысында сізге хабарласуымыз қажет болуы мүмкін.

3-қадам: Шешім: Сіздің өтінішіңізге байланысты тексеру аяқталғаннан кейін, біз алынған нәтижелер мен көрсетілген мәселе бойынша бізбен ұсынылатын шешімдерді хабарлау үшін сізбен байланысамыз. Егер бізбен жүргізілген тексеру бойынша өтініште көрсетілген мәселенің кәсіпорын қызметіне қатысы болмаса немесе Сіздің өтінішіңіздің мазмұнына байланысты ҮМЗ Мемлекеттік нормалар мен қолданылатын халықаралық стандарттарды бұзбайтыны анықталса, біз бұл туралы сізге жазбаша түрде жауап береміз. Әйтпесе, біз өтініште көрсетілген мәселені шешу жолдарын ұсынамыз. Егер де Сіз біз ұсынған мәселенің шешімін және оның орындалуын қанағаттанарлық деп санасаңыз, біз Сіздің келісіміңіз бойынша, өтінішті қанағаттандыру туралы құжатқа қол қоюыңызды сұраймыз. Егер сіз біздің шешімімізге қанағаттанбасаңыз, мәселені шешудің басқа жолдарын әрі қарай талқылау үшін сізбен хабарласамыз.

4-қадам: Кейінгі іс-шаралар: «ҮМЗ» АҚ оның қызметі бұдан әрі проблемалар тудырмайтынына көз жеткізу үшін кейіннен Сізбен хабарласуы мүмкін.

Құпиялылық: Егер Сіздің өтінішіңіздің құпия болуын қаласаңыз, ҮМЗ Сіздің келісіміңізсіз Сіздің атыңыз бен байланыс деректеріңіздің жария етілмеуін қамтамасыз етеді. Бұл ретте Сіздің өтінішіңізді қараумен тікелей айналысатын «ҮМЗ» АҚ қызметкерлері ғана осы ақпаратқа қол жеткізе алады. Егер біз үшін Сіздің деректеріңіз немесе Сіздің өтінішіңіздің мәні туралы ақпаратты ашпай, мәселені барабар зерттеу немесе шешу мүмкін болмаса (мысалы, егер сот дауларында сіздің айғақтарыңыз қажет болса), Сіздің өтінішіңізбен тікелей жұмыс істейтін ҮМЗ қызметкерлері осы мәселе бойынша сіздің қалауыңызды Сізбен алдын ала талқылайды.

Анонимділік: егер Сіз анонимді өтініш бергіңіз келсе, қоса берілген нысанда тиісті белгіні қойыңыз. Сіздің өтінішіңіз кез-келген жағдайда қарастырылады, алайда кері байланыс ақпаратының болмауы тексеруді қиындатуы мүмкін және Біз Сіздің өтінішіңіздің зерттеу нәтижелерін хабарлау үшін сізбен байланыса алмаймыз.


Жаңарту күні: 23.12.2024