Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Отын таблеткалары

«ҮМЗ» АҚ-ның Уран өндірісі энергетикалық реакторларға арналған кермикалық ядролық отын таблеткаларын өндіру бойынша кең мүмкіндіктерге ие.

Ядролық реактордың қауіпсіз және сенімді жұмыс істеуі отын таблеткаларының сапасына тікелей байланысты болғандықтан, өндірілетін өнім сапасына айрықша мән беріледі. Қуатты ғылыми-техникалық база, жоғары білікті мамандар және озық технологиялар Уран өндірісіне шығарылатын отын таблеткаларының сапасын үнемі жетілдіріп отыруға мүмкіндік береді.

30 жыл бойы «ҮМЗ» АҚ-ның  Уран өндірісі Ресейдегі ВВЭР және РБМК реакторларына арналған отын таблеткаларының негізгі жеткізушілерінің бірі болып, жоғары сапалы өнім өндіруші ретінде таныла білді. 2010 жылы «ҮМЗ» АҚ-ның Уран өндірісі француздық дизайндағы реакторларға арналған AFA 3G типті отын таблеткаларының жаңа түрін игерді. Аталған өнім Framatome (Франция) және CJNF (Қытай) компанияларымен тарапынан сертификатталған. Бүгінде «ҮМЗ» АҚ Қытай АЭС отын таблеткаларын жеткізуші болып табылады.    

 

Өнімді сату сұрақтары бойынша Уран өндірісінің маркетинг бөліміне хабарласуға болады:
Е-mail: Marketing_U@ulba.kz
телефон: +7 (7232) 29-86-05


Жаңарту күні: 12.12.2025