KK RU EN
Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Сынау орталығы

Сынау орталығы (СО) 01.01.2009ж. «ҮМЗ» АҚ үш бөлімше - орталық зауыт зертханасы (ОЗЗ), еңбек және қоршаған ортаны қорғау зертханасы (ЕҚОҚЗ), техникалық бақылау бөлімі (ТББ) біріктірілді. 2010 жылы СО құрамына өлшеу техникасының орталық зертханасы (ӨТОЗ) кірді.

СО негізгі міндеттері:

  • «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерінің барлық өнім түрлерін (сатып алынған шикізат, тұтынушының меншігі, операциялық бақылау кезінде, дайын өнім) бақылауды және сынауды жүргізуді қамтамасыз ету.
  • «ҮМЗ» АҚ персоналына және «ҮМЗ» АҚ орналасқан ауданда қоршаған ортаға әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторларды өлшеу және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету.
  • «ҮМЗ» АҚ бөлімшелері шығаратын, СО жауапкершілік саласында берілген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді тапсырыс берушіге жеткізу мүмкіндігін болдырмау бойынша жұмысты ұйымдастыру. 
  • Өлшеу құралдарын тексеру, калибрлеу, техникалық қызмет көрсету, жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу. 
  • Технологиялық жабдықтың техникалық диагностикасы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.

«ҮМЗ» АҚ сынау орталығы ISO/IEC 17025 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген. Сәйкестікті бағалау объектілері:

  • аккредиттеу саласына сәйкес өнімді сынау;
  • аккредиттеу саласына сәйкес өлшеу құралдарын тексеру;
  • аккредиттеу саласына сәйкес өлшеу құралдарын калибрлеу.

 

Байланыс ақпараты:

Телефон: (7232) 29-84-31
E-mail:  OfficeIC@ulba.kz

 


Жаңарту күні: 10.10.2024