Тантал өндірісі
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ тантал өндірісі ТМД аумағында жеке және әлемде тантал қосылған шикізатты қайта өңдеуден дайын өнім алуға дейін толық өндірістік циклі бар аса ірі кәсіпорындардың қатарына жатады.
«ҮМЗ» АҚ тантал өндірісі тантал-ниобий шикізатының, оның ішінде күрделі өңделетін қандай да болса түрін қайта өңдейтін, белгілі сапа параметрмен өндірілетін өнімнің қолайлы технологиясымен ерекшеленеді.
«ҮМЗ» АҚ жоғары білікті инженерлік-техникалық және ғылыми-зерттеу персоналы, тантал өндірісі бойынша 70-жылдық жұмыс тәжірибесі тапсырыс берушінің талаптарына сай жоғары сапалы өнім шығару мүмкіндігін береді. Өндірісте қолданылатын технология тазалығы 99,92 пайыздық тантал өндіруге кепілдік береді. Тұтынушыға өнім белгіленген мерзімде келісілген ерекшелік бойынша жеткізіледі. Өндірістің тиімді менеджменті, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын мүлтіксіз сақтау, технологияны жетілдіруге және жоғары қайта өңделген өнім номенклатурасын кеңейтуге ұмтылу тантал өндірісінің табысты қызметі, оны одан әрі дамыту және тантал мен ниобийдің әлемдік нарығындағы өз позицияларын нығайту үшін негіз болып табылады.
Біздің кәсіпорынның әлемдік тантал нарығында танылуы тантал мен ниобийді зерттеу жөніндегі халықаралық орталықтың Бас Ассамблеясына (TIC) ұзақ мерзімді (1999 жылдан бастап) мүшелігімен расталады. TIC жыл сайын әлемнің әртүрлі елдерінде техникалық және бизнес-презентациялар өткізеді және сирек металдар-тантал мен ниобийдің өндірістік және зерттеу аспектілерін талқылау мақсатында тантал саласының ғылыми элитасының, жетекші өнеркәсіптік компаниялардың, ғылыми - зерттеу ұйымдарының мамандарын жинайды.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ тантал өндірісі әлемдік нарыққа келесі өнімдерді шығарады:
Тантал өнімдері:
- Екі және үш дүркін электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген, тазалығы 3N2, 3N5, 3N7, 4N және 4N5 тантал құймалары;
- Вакуумдық-доғалық қайта балқыту әдісімен өндірілген, тазалығы 4N5 тантал құймалары;
- Танталдан жасалған қоспалауыштар;
- Жазық тантал илемі (пластиналар, жаймалар, таспа, қақтама);
- Дөңгелек тантал илемі (шыбықтар, сым)
- Конденсаторлық тантал ұнтақтары;
- Тантал өнімдері (түпқоймалар, қақпақтар, құбыр дайындамалары, ыстық аймақ элементтері, отбақырлар, дискілер және т.б.)
Ниобий өнімдері
- Ниобий құймалары;
- Ниобийден жасалған қоспалауыштар;
- Жазық ниобий илемі (пластиналар, жаймалар, қақтама);
- Дөңгелек ниобий илемі (шыбықтар, сым)
- Ниобий ұнтақтары;
- Ниобий өнімдері (түпқоймалар, қақпақтар, құбыр дайындамалары, ыстық аймақ элементтері, отбақырлар, дискілер және т.б.)
Құрамында фтор бар өнімдер
- Фторсутекті (балқытқыш) қышқыл
- RMAP сәйкестік куәлігі
- «ҮМЗ» АҚ басшылығының минералдарды жеткізудің жауапты тізбегіне қатысты саясаты
- 01.04.2023 – 31.03.2024 аралығындағы кезеңде сәйкестік сараптамасы бойынша есеп
- 01.03.2022 - 31.03.2023 аралығындағы кезеңде сәйкестік сараптамасы бойынша есеп
- 01.03.2022 - 31.03.2023 аралығындағы кезеңде сәйкестік сараптамасы бойынша есеп
- Электрондық өнеркәсіптегі мінез-құлық кодексі
Жаңарту күні: 28.11.2024