Экономика
Қатысу аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Бизнестің ұзақ мерзімді табысы қатысу аймақтарындағы және жалпы елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа, мемлекеттік және жергілікті билік өкілдерімен өзара тиімді қарым-қатынасқа, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек сапасы мен өміріне байланысты.
«ҮМЗ» АҚ қатысушы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының жоғары көрсеткіштері Қоғамның Тұрақты дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып табылатынын түсіне отырып, олардың дамуына қамқорлық жасайды.
«ҮМЗ» АҚ өз қызметін Қазақстан Республикасының екі өңірінде жүзеге асырады: Шығыс Қазақстан облысы және Абай облысы.
2023-2025 жылдары өңірлік бюджетке аударылған «ҮМЗ» АҚ салықтары мен аударымдарының сомасы 11 332,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде 2023 жылы – 3 430,3 млн. теңге, 2024 жылы – 4 117,7 млн. теңге, 2025 жылы – 3 784,6 млн. теңге.
Жыл сайын жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарттарды орындау шеңберінде «ҮМЗ» АҚ әлеуметтік-экономикалық дамуға, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға қатысатын өңірлердің бюджеттеріне аударымдарды жүзеге асырады. Бұл аударымдардың сомасы 2023 жылы, 2024 жылы және 2025 жылы тиісінше 7 705 мың теңгені, 8 624 мың теңгені және 7 900 мың теңгені құрады.
«ҮМЗ» АҚ ұйымдарының тобы 2025 жылы республикалық және өңірлік бюджеттерге 7 405,8 млн. теңге көлемінде салықтар мен аударымдарды аударды, оның ішінде ірі салық төлеуші болып табылатын «ҮМЗ» АҚ 6 437,8 млн. теңге аударды.
«ҮМЗ» АҚ-ның экономикалық қызметі өндірістің тиімділігі мен рентабельділігін арттыруға, қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалануға, пайда алу және персоналдың, акционерлердің және мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ең аз шығындармен ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.
2025 жылдың қорытындысы бойынша алынған таза пайда түрінде «ҮМЗ» АҚ ұйымдары тобының қаржы-шаруашылық қызметінің шоғырландырылған нәтижесі 11 764 млн.теңгені құрады, «ҮМЗ» АҚ таза пайдасы 6 390 млн. теңге.
«ҮМЗ» АҚ ұйымдары тобының экономикалық көрсеткіштері
|
Көрсеткіштердің атауы |
Өлшем бірліктері |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Кірістер, барлығы: |
млн. теңге |
133 762 |
88 398 |
92 312 |
|
оның ішінде сатудан |
млн. теңге |
132 198 |
83 912 |
90 661 |
|
Уран өнімін сату көлемі |
млн. теңге |
67 305 |
20 961 |
20 264 |
|
Бериллий өнімін сату көлемі |
млн. теңге |
31 784 |
30 601 |
39 321 |
|
Тантал өнімін сату көлемі |
млн. теңге |
27 061 |
24 169 |
21 147 |
|
Ниобий өнімін сату көлемі |
млн. теңге |
118 |
252 |
797 |
|
Операциялық шығындар |
млн. теңге |
112 014 |
70 625 |
76 317 |
|
Қаржыландыру шығындары |
млн. теңге |
1 297 |
622 |
670 |
|
Табыс салығы бойынша шығындар |
млн. теңге |
4 119 |
3 461 |
2 971 |
|
Таза пайда |
млн. теңге |
17 639 |
2 940 |
11 764 |
|
Өндірісті дамытуға инвестициялар |
млн. теңге |
5 217 |
4 154 |
6 209 |
|
Жалақы қоры |
млн. теңге |
24 497 |
28 022 |
29 353 |
|
Орташа жалақы |
теңге |
521 711 |
606 534 |
640 505 |
|
Уран өнімін сату көлемі |
тонна |
3 834 |
3 962 |
4 077 |
|
Бериллий өнімін сату көлемі |
тонна |
898 |
629 |
803 |
|
Тантал өнімін сату көлемі |
тонна |
146 |
142 |
109 |
|
Ниобий өнімін сату көлемі |
тонна |
1 |
9 |
28 |
|
Артықшылықты акциялар бойынша төленген дивидендтер |
млн. теңге |
409 |
600 |
275 |
|
Жай акциялар бойынша төленген дивидендтер |
млн. теңге |
6 834 |
8 219 |
4 582 |
Жаңарту күні: 19.06.2026


