KK RU EN
Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Адами капитал

Персонал

Персонал

Кәсіпорынның ұзақ жылдар бойы мінсіз жұмыс істеуі кезінде қалыптасқан ұжым «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ үшін басты капитал және құндылық болып табылады.  

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қаласының ірі жұмыс берушілерінің бірі, Компанияда 3 800-ден астам адам, 24 ұлт өкілдері жұмыс істейді, 100-ден астам кәсіп бар. Ұжымның 64 % астамы ер адамдар, шамамен 86 % жұмыскердің жоғары және кәсіптік білімі бар. Жұмыскерлердің орташа жасы 40 жасты құрайды.

«ҮМЗ» АҚ өз жұмыскерлерінің құқықтары мен бостандықтарының сақталуына, ұлты мен тегі, жынысы мен жасы, діни және өзге де нанымдары бойынша кемсітудің болмайтындығына кепілдік береді.     

Персоналмен өзара қарым-қатынас жасау кезінде Компания басшылыққа алатын негізгі құжаттар – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Ұжымдық шарт, «ҮМЗ» АҚ Кадр саясаты, Жұмыскерлерге сыйақы төлеу ережелері және дамыту, оқыту мен өндіріс қауіпсіздігі саласындағы өзге де құжаттар.    

Компания басшылығы әрбір қызметкер өз еңбегінің нәтижесіне қызығушылық танытатын, жұмыстың жалпы нәтижесіне қосқан жеке үлесі үшін лайықты құрметке ие болатын жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасауға тырысады.

«ҮМЗ» АҚ Кадр саясаты ұзақ мерзімді кезеңге Қоғамның Даму стратегиясын іске асыруға бағытталған бизнес-қағидаттар жүйесін, HR-қызметтің негізгі бағыттарын, Қоғамдағы адами ресурстарды басқару тәсілдері мен әдістерін айқындайды.

«ҮМЗ» АҚ Кадр саясатының негізінде төмендегі бизнес-қағидаттар жатыр: 

  • Персоналдың маңызды рөлі,
  • Меритократия,
  • Мамандарды дамытуға және тәрбиелеуге баса назар аудару,
  • Адами ресурстарды сапалы басқару – барлық деңгейдегі басшылардың негізгі жауапкершілігі,
  • Адами ресурстарды басқару және бизнес-бөлімшелердің функцияларының стратегиялық серіктестігі,
  • Адами ресурстарды стратегиялық жоспарлау,
  • Өзін-өзі оқытатын ұйым қағидаты,
  • Инклюзивтілік және әртүрлілік тәжірибелерін енгізу,
  • Игілік бағдарламаларын жүзеге асыру,
  • HR-қызметтің ішкі клиенттер үшін қосымша құнды құруға баса назар аударуы.
Этика

Этика

«ҮМЗ» АҚ шетелдік компаниялармен жұмыс істейтінін назарға ала отырып, Қоғам жоғары іскерлік, операциялық және этикалық стандарттарды ұстанады.Компания Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарды толық көлемде сақтайды. 
«ҮМЗ» АҚ ашық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс істейді, ол қарсы жауап шаралары қабылданады деп қорықпай, барлық қызметкерлердің сұрақтар қоюына және проблемалар туралы еркін хабарлауына мүмкіндік береді. Әрбір қызметкер өзінің тікелей басшысына да, кәсіпорынның бірінші басшысына да, сондай-ақ «ҮМЗ» АҚ HR немесе заң қызметіне, комплаенс қызметіне немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Бас компаниясының Жедел желісіне жүгінуге құқылы. Біздің іскери серіктестеріміз де Жедел желіге хабарласу арқылы ықтимал бұзушылық қауіптері туралы хабарлай алады. Жедел желі – «24/7» режимінде демалыссыз тәулік бойы жұмыс істейтін толық құпиялы байланыс арнасы.
Ұжымда қабылданған және «ҮМЗ» АҚ корпоративтік этика және комплаенс кодексінде айқындалған маңызды этикалық нормалар:
  • сыпайылық, нақтылық;
  • өмір мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • әр қызметкердің құқықтары мен бостандығын құрметтеу;
  • Компанияның мүлкі мен ресурстарына ұқыпты қарау;
  • еңбек жағдайларын және қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту;
  • әрбір қызметкердің еңбек қауіпсіздігін, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қолдауы және қатысуы;
  • әрбір қызметкерді жақсартуға бағытталған инновациялар мен бастамаларда қолдау;
  • Кайдзен әдісі бойынша үздіксіз жетілдіру.
Білім алу, даму, мансап

Білім алу, даму, мансап

«ҮМЗ» АҚ-ға білікті персоналды тарту тәсілдерінің бірі зауыттың оқу орындарымен тығыз қарым-қатынасы болып табылады.

«ҮМЗ» АҚ-ның қала және Шығыс Қазақстан облысының білім беру мекемелерімен ынтымақтастығының көпжылдық тарихы бар. Зауыттың нақты талаптарына сәйкес жұмысшы кадрларды даярлауда «ҮМЗ» АҚ Өскемен көпсалалы технологиялық колледжіменШығыс техникалық-гуманитарлық колледжімен, Өскемен қызмет көрсету саласы колледжімен барынша жемісті жұмыс жасайды.

2008 жылдан бері ұзақ мерзімді әріптестік қарым-қатынас «ҮМЗ» АҚ және Өскемен көпсалалы технологиялық колледжін біріктіріп келеді. 

«Өскемен көп салалы технологиялық колледжі» КММ мен «ҮМЗ» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде «Автоматты желілер және агрегаттық станоктар» мамандығы, «Аппаратшы-гидрометаллург» біліктілігі бойынша дуальды оқыту бағдарламасы бойынша, сондай-ақ токарь, электрмонтер, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика (БӨАжА) жөніндегі слесарь сияқты жас мамандарды даярлау іске асырылады.

Ынтымақтастық шеңберінде зауыт қызметкерлері білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және өзектендіруге, білім алушылардың білімін аралық және қорытынды бақылаулардың отырыстарына қатысады, теориялық және практикалық оқыту оқытушылары, диплом жобаларының жетекшілері мен ғылыми кеңесшілері, сондай-ақ оқушылардың өндірістік іс-тәжірибесінің жетекшілері ретінде тартылады. Ынтымақтастықтың бұл түрі болашақ жас мамандарға өндіріспен іс жүзінде танысуға, болашақ мамандығы бойынша нақты білім мен дағдыларды алуға көмектеседі.

Дуальды оқыту жүйесі аясында жыл сайын 20-ға жуық студент «ҮМЗ» АҚ-да ақылы өндірістік іс-тәжірибеден өтеді.Білім алу, даму, мансап

Жұмысшы кадрларды мақсатты даярлау шеңберінде мына ұйымдармен ынтымақтастық туралы шарттар жасалған: 
  • 2021 жылдан бастап «Токарь ісі және металл өңдеу» мамандығы, «Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі» КММ,
  • 2019 жылдан бастап «Түсті металдар металлургиясы» (Техник-металлург біліктілігі), «Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі» мекемесі,
  • 2023 жылдан бастап «Автоматты желілер және агрегаттық станоктар» (Аппаратшы-гидрометаллург біліктілігі), «Механикалық өңдеу, машина жасаудағы бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика» (Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі слесарь біліктілігі), «Дәнекерлеу ісі» (Электргазбен дәнекерлеуші біліктілігі), «Өнеркәсіптегі электрмеханикалық жабдық» (Электр жабдығын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтері біліктілігі), «Өнеркәсіпте машиналар мен жабдықты пайдалану» (Слесарь-жөндеуші біліктілігі), «Токарь ісі және металл өңдеу» (Токарь біліктілігі) мамандықтары, «Өскемен көп салалы технологиялық колледжі» КММ. 
Кәсіптік (өндірістік және дипломалды) іс-тәжірибені өту мақсатында «ҮМЗ» АҚ мына жоғары оқу орындарымен ынтымақтасады: «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ, «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ, Қазақстан-американдық еркін университеті, Томск политехникалық университеті және т.б. Кәсіпорынға персоналды тартудың маңызды дайындық кезеңі қала және облыстың мектептері мен колледждерінің оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы болып табылады, оның мақсаты – өскелең ұрпаққа техникалық білім алудың келешегі мен артықшылығын көрсету. Жыл сайын кәсіпорынның HR бөлімінің қызметкерлері «ҮМЗ» АҚ қызметін жария ету және «ҮМЗ» АҚ серіктестері болып табылатын колледждер мен жоғары оқу орындарына техникалық мамандықтарға оқушыларды тарту мақсатында облыстың оқу орындарында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді.2024 жылы «ҮМЗ» АҚ стипендиялық бағдарламасына Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі мен Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің студенттерімен шарттар жасасу бойынша жұмыс басталды. Үлгерімі жоғары және «ҮМЗ» АҚ-да одан әрі жұмысқа орналасуға ынтасы бар студенттерді анықтау бағдарламаның мақсаты болып табылады.

Персоналды іздестіру және іріктеу

Персоналды іздестіру және іріктеу

«ҮМЗ» АҚ персоналды іздестіру және іріктеу үшін бос орындар туралы ақпаратты төмендегілерде орналастырады: 

  • HR-Recruiting автоматтандырылған жүйесі (www.hreakp.kazatomprom.kz),
  • Samruk Qyzmet (www.qsamruk.kz), 
  • сыртқы және ішкі корпоративтік портал,
  • халықты жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның ресурсы,
  • «УМЗ-информ» зауыт газеті,
  • әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар, 
  • қаладағы ЛЭД-экрандар және/немесе үміткерлерді сырттан іздеуге арналған өзге де ресурстар.

«Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамы әлеуметтік жауапты кәсіпорын ретінде жұмысқа орналасуға мұқтаж және бос орындарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстарға қатысуға шақырады. 

«ҮМЗ» АҚ-да персоналды іздеу мен іріктеудің ашықтығы, осы процестің сапасын жақсарту, сондай-ақ кәсіпорынның HR брендін күшейту мақсатында персоналды іздеу және іріктеу цифрлық алаңда нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады, онда өтінімді қарау және кері байланыс алу барысын бақылауға болады. 

«ҮМЗ» АҚ-ға жұмысқа орналасу үшін үміткерлерді тарту тәсілдерінің бірі бос орындар жәрмеңкелерін өткізу және оған қатысу болып табылады. 

Кәсіпорында әкімшілік қызметкерлер арасында да, өндірістік қызметкерлер арасында да, оның ішінде жұмысшылар арасында да сабақтастық жүйесі өте дамыған. Жыл сайынғы қызметті бағалау шеңберінде кәсіпорынның ізбасарлар пулына ұсыну үшін қажетті кәсіптік-іскерлік қасиеттері бар және вертикальді және горизонтальді ауыстыруға дайын кадрлар анықталады. Жыл сайын орта есеппен 40 ізбасар жоғары лауазымдарға ауысады.

Жұмыс істейтін қызметкерлердің зауытта кәсіби өсуі және ұзақ мерзімді мансабы мақсатында «ҮМЗ» АҚ бейінді мамандықтар бойынша білім (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім) алу үшін білім беру грантын ұсынады. Жыл сайын кәсіпорында сұранысқа ие мамандықтарға «ҮМЗ» АҚ білім беру гранты бойынша орта есеппен 5 адам түседі. Колледж оқушыларына оқу орнында оқу уақытына ай сайынғы стипендия төлеу түрінде кемінде 20 грант бөлінеді.

Қоғам саясатының маңызды бағыттарының бірі персоналды дамыту және оқыту болып табылады, олар мыналарға бағытталған: 

  • кәсіптік оқытудың Қоғам алдында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;
  • әрбір жұмыскердің қызметінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету, үздік тәжірибелер мен халықаралық стандарттарды зерделеу;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және қорғау, өрт және ядролық қауіпсіздік саласындағы ҚР заңнамалық талаптарына және халықаралық стандарттарға сәйкес болу.

Жастармен жұмыс

Жастармен жұмыс

2003 жылдан бастап «ҮМЗ» АҚ-да Жастар бірлестігі (бұдан әрі – ЖБ) бар. ЖБ басты мақсаты – жас қызметкерлердің толыққанды рухани, мәдени, білім, кәсіби және физикалық дамуы, шешім қабылдау процесіне қатысуы, табысты әлеуметтенуі және олардың әлеуетін Қоғамды одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау. 

Зауыттағы жастар бірлестігі – ең бастамашыл және әлеуметтік белсенді топтардың бірі. Бірде-бір республикалық немесе қалалық экологиялық акция ЖБ-сыз өтпейді. Жыл сайын Қарттар күніне орай Жастар бірлестігі «ҮМЗ» АҚ ардагерлер ұйымымен бірге Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілгендерге сыйлықтар мен азық-түлік жеткізеді. Жеңіс күніне арналған қалалық іс-шараларға бірлесіп қатысады, кәсіпорын үшін маңызды болып саналатын күндерде Е.П. Славский мен В.П. Потаниннің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қояды.  

Зауыттың жас қызметкерлері Өскемен қаласы әкімінің жыл сайынғы «Алау» сыйлығының жеңімпаздары атанып, облыстық «Заводная молодежь» байқауының тұрақты қатысушылары болып табылады.  

ЖБ өкілдері – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ жыл сайынғы спартакиадасының тұрақты қатысушылары. Жастар бірлестігіндегі 20-ға жуық жас спортшы республикалық, облыстық және қалалық спорт жарыстарында туған зауытының намысын қорғайды.

Сыйақы

Сыйақы

«ҮМЗ» АҚ қызметкерлерге бәсекелі жалақы төлеуді және жоғары әлеуметтік кепілдіктер деңгейін көздейтін ынталандыру саясатын жүргізеді. «ҮМЗ» АҚ сыйақы және өтемақы жүйесінің негізгі мақсаты – стратегиялық міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті қызметкерлерді тартуды, ұстап қалуды және тиімді сыйақы беруді қамтамасыз ету. Уәждеу жүйесі әрбір қызметкердің/бөлімшенің өлшенетін нәтиже үшін жауапкершілігіне және сыйақының жеке жұмыс нәтижелеріне тәуелділігіне негізделеді.Қызметкерге төленетін сыйақы төмендегі негізгі элементтерден тұрады: 
  • тұрақты бөлігі – бұл лауазымдық айлықақы/тарифтік мөлшерлеме және заңнамалық-белгіленген қосымша ақы (лауазымдарды қоса атқару, қызмет көрсету аймағының кеңеюі және уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару (алмастыру) кезінде, түнгі уақыттағы, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін, үстеме жұмыс үшін, радиациялық қатерлі аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды немесе қауіпті жұмыстарда істейтін өндірістік объектілердің жұмыскерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы және тағы басқалар);
  • ауыспалы бөлігі – бұл ұжымдық, еңбек шарттарының талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалған көрсеткіштердің орындалуына байланысты төленетін айдың, жылдың жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақылар;
  • біржолғы ынталандырушы төлемдер – біржолғы (бірреттік) сыйлықақылар; біржолғы ақшалай сыйақылар (мерейтой, мерекелік даталарға байланысты және басқа); жұмыстарды орындау қорытындылары бойынша біреттік сипаттағы сыйлықақы.
«ҮМЗ» АҚ қызметкерлері заңнамада көзделген жеңілдіктерге қосымша жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді медициналық сақтандыруды, жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыруға материалдық көмекті қамтитын әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, жыл сайынғы негізде «ҮМЗ» АҚ қызметкерлеріне ақшалай кірісті индекстеу жүргізіледі – бұл инфляциядан туындаған шығындарды ішінара өтеу мақсатында қызметкерлердің тұрақты сипаттағы кірістерін түзету.

Әлеуметтік саясат (ұжымдық шарт, ардагерлермен және зейнеткерлермен жұмыс)

Әлеуметтік саясат (ұжымдық шарт, ардагерлермен және зейнеткерлермен жұмыс)

«ҮМЗ» АҚ-ның маңызды міндеттерінің бірі қызметкерлердің еңбек қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. «ҮМЗ» АҚ өз қызметкерлерін әлеуметтік қорғау, қызметкердің ертеңгі күнге деген сенімін сақтау мәселелеріне жауапкершілікпен қарайды.

Әлеуметтік әріптестікті нығайту, жауапкершілікті сақтау, қызметкерлерге кепілдендірілген жеңілдіктер мен төлемдерді қамтамасыз ету мақсатында «ҮМЗ» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ-мен (бұдан әрі – Кәсіподақ) Ұжымдық шарт жасалады, ол «ҮМЗ» АҚ-дағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылады. Ұжымдық шарттың мәні Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде жұмыскерлердің өкілдері мен «ҮМЗ» АҚ жұмыс берушісі арасында еңбек саласындағы нақты өзара міндеттемелерді белгілеу болып табылады.

«ҮМЗ» АҚ қаражаты есебінен көрсетілетін әлеуметтік жеңілдіктер, кепілдіктер және өтемақы төлемдері бөлігінде Ұжымдық шарт «ҮМЗ» АҚ барлық қызметкерлеріне қатысты қолданылады. Сонымен қатар Ұжымдық шартта Ұжымдық шартпен айқындалған бұрынғы қызметкерлердің жекелеген санаттарын, оның ішінде зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау көзделген.

Ұжымдық келіссөздер жүргізу мақсатында кәсіпорында Ұжымдық келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия құрылған, ол тоқсан сайын Ұжымдық шарт талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. 

Жыл сайын «ҮМЗ» АҚ Кәсіподаққа «ҮМЗ» АҚ қызметкерлері үшін мәдени-бұқаралық, спорттық және сауықтыру іс-шараларын өткізуге ақшалай қаражат бөледі.

«ҮМЗ» АҚ қызметкерлерінің еңбек қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау және олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар шеңберінде кәсіпорын жыл сайын мыналарды қамтамасыз етеді:  

  • жұмыс істейтін және бұрынғы жұмыскерлерге медициналық қызмет көрсету (ауырған жағдайда жұмыскерлерді ерікті сақтандыру, міндетті мерзімді медициналық қарап-тексерулер, фельдшерлік денсаулық пункттерінің, консультациялық-диагностикалық емхананың қызметтері, жұмыскерлер мен бұрынғы жұмыскерлердің тісін протездеу), 
  • «Улбиночка» МДҰ» ЖШС-да жұмыскерлердің балаларының болуына жеңілдік беру, ШҚО демалыс базаларына/үйлеріне жолдамалар үшін өтемақы, зейнеткерлікке шығу және мүгедектік тағайындалу кезінде біржолғы материалдық көмек, жұмыскерлердің балаларына жаңа жылдық сыйлықтарға ақшалай қаражат, жұмыскерлерге мүгедек балаларын сауықтыруға ақшалай қаражат, жүктілігі мен босануы бойынша 10 еселенген ЕТЖ мөлшерінен артық ақы төлеу және қызметкерлер үшін Ұжымдық шартта көзделген өзге де жеңілдіктер, 
  • «ҮМЗ» АҚ бұрынғы қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету (мүгедектерге, тыл еңбеккерлеріне және ҰОС қатысушыларына Жеңіс күніне орай материалдық көмек, «ҮМЗ» АҚ Ардагерлер ұйымы» ҚБ жұмысын қаржыландыру, «ҮМЗ» АҚ бұрынғы қызметкерлеріне ШҚО санаторийлері мен профилакторияларында сауығуға әлеуметтік қолдау көрсету, «ҮМЗ» АҚ қайтыс болған бұрынғы қызметкерінің туыстарына материалдық көмек және бұрынғы қызметкерлер үшін Ұжымдық шартта көзделген өзге де жеңілдіктер). 

Ұжымдық шарт талаптарының орындалуы туралы ақпарат «ҮМЗ» АҚ Корпоративтік порталында тұрақты орналастырылады, сондай-ақ «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының «ҮМЗ» АҚ еңбек ұжымы өкілдерімен кездесулерінде қызметкерлердің назарына жеткізіледі. 

«ҮМЗ» АҚ «Үлбі металлургиялық зауытының Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігіне (бұдан әрі – «ҮМЗ» АҚ Ардагерлер ұйымы) тұрақты негізде материалдық және әдістемелік қолдау көрсетеді. 

«ҮМЗ Ардагерлер ұйымы» ҚБ Шығыс Қазақстан облысының аумағында тұратын зауыттың бұрынғы қызметкерлері (зейнеткерлері) өз еркімен құрған. «ҮМЗ Ардагерлер ұйымы» ҚБ мақсаты – «ҮМЗ» АҚ ардагерлерінің лайықты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қамтамасыз ету, олардың қоғамдық өмірге, қайырымдылық іс-шараларға, мәдени және спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізуге қатысуы, «ҮМЗ» АҚ ардагерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау. 

Ұйым мүшелері зауыт зейнеткерлеріне арналған мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізеді, мерейтойлар кезінде құттықтайды, медициналық көмек көрсету бойынша консультациялар жүргізіп, ауыр науқастармен (үйлеріне бару, мүгедектер үйіне, ХОСПИС-терге бару) және тыл еңбеккерлерімен жұмыс жүргізеді, «ҮМЗ» АҚ-ның спорттық және корпоративтік іс-шараларына қатысады.

Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы

«ҮМЗ» АҚ өзі орналасқан өңірлердің дамуының жоғары көрсеткіштері орта мерзімді перспективада компанияның тұрақты дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып табылатынын түсіне отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қамқорлық жасайды.

Ірі салық төлеуші және жер қойнауын пайдаланушы бола отырып, «ҮМЗ» АҚ есептелген салықтар мен аударымдарды бюджетке уақтылы аудару бойынша өз міндеттемелерін адал орындайды.

Аймақты абаттандыру аясында Қоғам В.П. Потанин мен Е.П. Славскийдің ескерткіштерін (Өскемен қаласының көруге тұратын орындары) күтіп ұстау (аумақты жинау, көгалдар мен жасыл желектерді күтіп ұстау, жөндеу) бойынша жұмыстар жүргізеді.

Қауіпсіздік (тамақтану, медицина)

Қауіпсіздік (тамақтану, медицина)

«ҮМЗ» АҚ-да барынша қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалған, өнеркәсіптік, радиациялық және ядролық қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары және ішкі регламенттер қатаң сақталады. 

Емдік-профилактикалық тамақтану стандарттарын және арнайы киімге қойылатын талаптарды сақтауға ерекше назар аударылады. Біз олардың белгіленген нормаларға сәйкестігін үнемі қадағалап отыру арқылы көрсетілетін қызметтер мен өнімдердің жоғары сапасын қолдаймыз. Сондай-ақ, қызметкерлермен тиімді кері байланыс жүйесі жұмыс істейді, бұл олардың ескертулері мен ұсыныстарына жедел жауап беруге мүмкіндік береді, осы арқылы барлық кезеңдерде еңбек пен тамақтану жағдайларын үнемі жақсарту қамтамасыз етіледі.

Жыл сайын жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлер үшін ерікті медициналық сақтандыру шарты жасалады. 

Ерікті медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтары – терапевт пен бейінді мамандардың кеңестері, еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жасау және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын беру, зертханалық-диагностикалық қызметтер көрсету, сонымен қатар дәрі-дәрмек пен стоматологиялық қызметтерге өтемақы төлеу. Сақтандыру бағдарламасына емдік көрсеткіштер бойынша тегін массаж сеанстары да кіреді.

Медициналық қызметтер зауыт емханасының мамандандырылған кабинеттерінде ұсынылады, бұл қажетті медициналық көмекке ыңғайлы және жылдам қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Кәсіподақ

Кәсіподақ

«ҮМЗ» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ өз мүшелерінің мүдделерін кәсіпорын деңгейінде де, сондай-ақ жұмыс берушімен қарым-қатынас жасауда да қолдай отырып, олардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғайды. Жұмыскерлер мен жұмыс берушінің мүдделерінің теңгерімі қамтамасыз етілетін кәсіпорынның тұрақты және жемісті жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау Кәсіподақтың басты мақсаты болып табылады.   

Кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары: 

  • Жұмыс берушімен бірлесіп мәдени-көпшілік жұмысқа қатысу,
  • Еңбек қатынастары, еңбекақы төлеу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және қызметкерлердің құқықтарын қорғау мәселелерінде қызметкерлердің мүдделерін қорғау,
  • Жұмыс берушімен бірлесіп жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бағытталған ұжымдық шарт талаптарын әзірлеу, ұжымдық шарт талаптарының орындалуына бақылау жасау.
  • Тамақтандыруды қоғамдық бақылау – қызметкерлердің тамақтану сапасы мен жағдайларына мониторинг жасау.
  • Дене шынықтыру және спорт – спорттық бастамаларды қолдау, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру. 

«ҮМЗ» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ кәсіподақ мүшелеріне төмендегідей әлеуметтік жеңілдіктер мен көмек көрсетеді:

  • ауыру жағдайына, дәрі-дәрмек сатып алуға, туған, қайтыс болған немесе мерейтой болған жағдайда материалдық көмек көрсету, 
  • балабақша, демалыс базалары, санаторий-курорттық емдеу және балалар сауықтыру лагерьлері үшін өтемақы төлеу,
  • мәдени-бұқаралық іс-шараларға билеттер үшін өтемақы төлеу,
  • қысқы және жазғы демалысты, экскурсиялық сапарларды ұйымдастыру.

Кәсіподақ жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуына және сапалы демалуына ықпал ете отырып, олар үшін қолайлы жағдай жасауда белсенді жұмыс істейді.

Қайырымдылық

Қайырымдылық

2016 жылдың қаңтар айында «Самұрық-Қазына» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры құрылды.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры халық үшін әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық жобалары мен бағдарламаларын іске асырады. 

Тұрақты даму

Устойчивое развитие

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ негізгі міндеттерінің бірі қызметтің тұрақты даму қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады. Тұрақты дамуға деген көзқарас кәсіпорынның және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бас компаниясының корпоративтік құндылықтарына сәйкес келеді және ұзақ мерзімді перспективада экономикалық құнды құру үшін экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарды айқындау үшін негіз болып табылады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның барлық еншілес және тәуелді ұйымдары, оның ішінде «ҮМЗ» АҚ да БҰҰ-ның Адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаһандық шартының қағидаттарын қолдайды, оларға мыналар жатады: 

  • Ашықтық,
  • Есеп берушілік,
  • Айқындылық, 
  • Этикалық мінез-құлық,
  • Құрмет көрсету,
  • Заңдылық,
  • Адам құқықтарын сақтау,
  • Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік,
  • Мүдделер қақтығысына жол бермеушілік,
  • Жеке үлгі.

«ҮМЗ» АҚ тұрақты даму саясаты компанияның бағыттары мен тиімді басқару және адалдық, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, персоналды басқару, жергілікті қоғамдастықтарды тарту, жеткізу тізбегін басқару мәселелеріне көзқарасын айқындайтын барлық негізгі құжаттарда көрсетіледі.

Топ-менеджерлерге сыйақы төлеу

«ҮМЗ» АҚ сыйақы жүйесінің негізгі мақсаты қызметкерлерді кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметінің нәтижелерін жақсартуға және «ҮМЗ» АҚ-ның Жалғыз қатысушысы – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қойған мақсаттарға қол жеткізуге ынталандыру болып табылады.

«ҮМЗ» АҚ басшы қызметкерлерінің бизнестің ұзақ мерзімді тиімділігін арттыруға және Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге материалдық мүдделілігін арттыру мақсатында «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен жыл сайын қаржылық және өндірістік көрсеткіштерді, сондай-ақ өндіріс қауіпсіздігі мен әлеуметтік мәселелер бойынша көрсеткіштерді қамтитын қызмет көрсеткіштері бекітіледі. Есепті жылдың нәтижелері бойынша, сондай-ақ Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен ҚНК орындалу дәрежесіне қарай жылдық сыйақы төленеді. 

Кәсіпорынның басшы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау элементтері Компанияның қалған қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудан ерекшеленбейді.


Жаңарту күні: 24.12.2024